Жамбыл облысы: әлеуметтік қолдау аясындағы қайтарымсыз грант беру туралы
- author Zhambylokq
- Бүгін, 17:40
- 4

Гранттар халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы азаматтарға берілетін болады. Үміткерлер келесі негізгі талаптарға сай болуы тиіс:
1) Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар;
2) Төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар және мемлекеттік жәрдемақы алатындар (оның ішінде күндізгі оқу бөлімінде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары барлар);
3) Асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік төлем алушылар;
4) Қоныс аударушылар;
5) Қандастар;
6) Еңбекке қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектігі бар азаматтар;
7) Мүгедектігі бар баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар және/немесе олардың жұбайлары.
1.Электрондық еңбек биржасы – www.enbek.kz порталында тіркелуі;
2. skills.enbek.kz платформасында "Бастау Бизнес" жобасы аясында онлайн оқытудан өтуі;
3 . Жеке бизнес-жоспар әзірлеп, порталда өтінім беруі.
Маңызды: Грант иегері ретінде тіркелген азамат дара кәсіпкер ретінде тіркеліп, міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) уақтылы аударып отыруы тиіс.
2025 жылға арналған халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау шаралары аясында Жамбыл облысы бойынша 1 008 азаматқа жалпы сомасы 1,6 млрд. теңге көлемінде қайтарымсыз грант беру жоспары бекітілген.
Бүгінгі күнге дейін 1-ші лек бойынша 504 адамға жоспар белгіленіп, оның ішінде 500 азамат грант иегері атанды.
Өтінім берген үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын 26 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында офлайн форматта комиссия алдында қорғады. Комиссия құрамына мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері мен кәсіпкерлер енгізілген.