Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫН СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕСІ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫН СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫМЕН  ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕСІ
ашық
Жамбыл облысы бойынша жалпы 31 газ желісі ұйымы бар, 247 автогаз құю бекеттері арқылы сұйытылған мұнай газы сатылады. Сонымен қатар, облыс аумағында 7 газ толтыру станциялары орналасқан, оның ішінде: «KGT Group» ЖШС, «Азия Нефтепродукт» ЖШС, «AlanGasTerminal» ЖШС, «Газ Ойл Тараз» ЖШС, «Аргос» ЖШС, «ТАН» ЖШС, «Казахстанский Стандарт» ЖШС.

Сұйытылған мұнай газын сату қызметі бәсекелестік ортаға берілген.

          Өңірде газ қондырғысымен жабдықталған көліктердің          тіркелген саны 31 326 артып отыр. Бүгінгі жағдайға Жамбыл облысы үшін қажеттілік айына 9 - 10 мың тонна құрайды.

ҚР Энергетика министрлігі тарапынан тоқсан сайын әлеуметтік сұйытылған мұнай газы бөлініп отырады.

2025 жылдың қыркүйек айына облысқа 5 330 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді, оның ішінде: «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС зауытынан - 3 755 тонна, «СНПС - Ақтөбемұнайгаз» АҚ зауытынан - 1 575 тонна.

          Осы жылдың III-тоқсанына жалпы 17 413 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінген болатын (шілде - 6 848 тонна, тамыз - 6 279 тонна, қыркүйек - 5 330 тонна).

Ағымдағы жылдың IV-тоқсанына жалпы 18 309 тонна сұйытылған мұнай газы бөлініп отыр, оның ішінде: қазан айына - 5 282 тонна, қараша айына - 6 308  тонна, желтоқсан айына - 6 719  тонна.

Аталған сұйытылған мұнай газының көлемі ҚР Энергетика министрінің 2023 жылғы 9 қазандағы №358 бұйрығымен бекітілген Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу Қағидаларына сәйкес өтінім берген 31 газ желісі ұйымы арасында бөлінетін болады.

Жалпы 2025 жылға 75 661 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді.

Бұдан бөлек, кәсіпкерлер тарапынан, яғни 31 газ желісі ұйымымен коммерциялық сұйытылған мұнай газы сатып алынуда.

Қазіргі таңда Жамбыл облысына 39 вагон-цистернада
1 404 тонна сұйытылған мұнай газы теміржолмен жөнелтілуде.

Бұл вагондар жақын уақытта жеткізіліп, жанар-жағармай құю станциялары арасында толыққанды бөлінеді.

          Қазіргі таңда облыс бойынша 360 тонна сұйытылған мұнай газының қоры бар.

ҚР Энергетика министрінің 2025 жылғы 30 шілдедегі №297 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап сұйытылған мұнай газын ҚР ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс көтерме саудада өткізудің 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге шекті бағасы қосылған құн салығын есепке алмағанда,                1 тоннасы үшін 59 722 теңге мөлшерiнде бекітілді.

          Сондай-ақ, Министрдің 2025 жылғы 30 шілдедегі №298 бұйрығына сәйкес, 1 тамыздан бастап Жамбыл облысының орталығы (Тараз қаласы) мен оған жақын аудандардағы автогаз толтыру бекеттерінде сұйытылған мұнай газының бағасы                      1 литр үшін 102 теңге, алшақ орналасқан (200 шақырымнан асатын) бекеттерде 107 теңгені құрады.

          Бүгінгі таңда облыстың барлық автогаз құю бекеттерінде сұйытылған мұнай газы еркін сатылымда, тапшылық және кезектілік байқалмайды.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар