Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ӨҢІРЛІК ДЕҢГЕЙДЕ ТРАНСЛЯЦИЯЛАУ

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ӨҢІРЛІК ДЕҢГЕЙДЕ ТРАНСЛЯЦИЯЛАУ
ашық
Тараз қаласы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Гүлнұр Мақсұтқызы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг өткізді. Іс-шара барысында ол Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық тәжірибесін өңірлік деңгейде трансляциялау барысы туралы сөз сөйледі.

Өз сөзінде директор, Зияткерлік мектептердің тәжірибесін тарату жұмыстары 2012 жылдан бері жүйелі түрде жүзеге асып келе жатқанын айтты. Сондай-ақ ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауына тоқталды. Жолдауда қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығы және ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығы мәселесіне ерекше назар аударылғанын жеткізді.

Өткен оқу жылында 880 мұғалімге функционалдық сауаттылықты арттыру, бағалау құралдарын әзірлеу, Lesson Study, белсенді әдістерді қолдану және тәрбие жұмысы жобалары бойынша әдістемелік қолдау көрсетілді. 2025 жылдың ақпанында Жамбыл облысының 60 мектебі басшыларына арналған «Оқыту мен бағалаудағы сапаны бағалау» семинар-практикумында мектептің даму жоспары, мұғалімнің кәсіби өсуі мен білім сапасын бағалау мәселелері талқыланды. Нәтижесінде тірек мектептерімен бірлескен зерттеу халықаралық WALS конференциясына жолдама алды.

Брифинг барысында мектеп директоры журналисттерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар