Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ШОМЫЛУ МАУЫСЫМЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ

ШОМЫЛУ МАУЫСЫМЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ
ашық
Облыс аумағында халқы тығыз орналасқан немесе оларға тікелей жақын орналасқан, қол жетімді және шомылуға жарамды 117-ден астам су айдыны бар. Қазіргі уақытта облыстың су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып отыр.

2025 жылдың басынан бері (2024 жылдың ұқсас кезеңінде 4 адам тіркелді) және шомылу кезеңінде жазатайым оқиғалар тіркелмеген.

Статистика көрсеткендей, судағы оқиғалар көп жағдайда адамның кінәсінен, өзіне деген сенімділіктің, өз күштері мен мүмкіндіктерін аса бағалаудың, судағы жүріс-тұрыс ережелерін елемеудің, атап айтқанда тыйым салынған және бейтаныс жерлерде шомылудың, масаң күйде болудың салдарынан болады.

Қаза тапқандардың басым көпшілігі 19 жастан 45 жасқа дейінгі еңбекке жарамды және қабілетті жасқа сәйкес келеді.

Бұл ретте 2025 жылдың басынан бері 10 адам құтқарылды, оның ішінде 4 бала.

Мәслихаттың (26.09.2019 жылғы № 38-9) шешімімен облыс аумағында
189 орында шомылуға тыйым салынған.

Әкім қаулысымен (31.05.2024 ж. №139)  су объектілерінде шомылуға рұқсат берілген 13 орын белгіленген.

Өз кезегінде, аталған 13 учаскеде 9 коммуналдық және 4 жеке жағажай бар. 10 жағажайда су айдынының түбін тексеру және тазалау жұмыстары жүргізілді.

Анықтама: жаппай демалуға арналған 13 орын:

Тараз қаласы-2, Жамбыл ауданы-1, Жуалы ауданы-2, Қордай ауданы-2,
Сарысу ауданы-1, Талас ауданы-2, Шу ауданы-3.

Демалыс орындарының иелерімен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзара ынтымақтастық туралы әңгімелесулер жүргізілді.

Тараз қаласының (1 мобильді), Жуалы (1 мобильді) Талас (3 мобильді),
Сарысу (1 стационарлық) және Шу (2 мобильді) ауданының аумағында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша патрульдеу үшін стационарлық және мобильді 8 бекеттер қойылды.

Ағымдағы жылы су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері үкіметтік және аумақтық деңгейде ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясы мен Жамбыл облысының төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының отырысы шеңберінде қаралды.

Оның қорытындысы бойынша су айдындарында адам өлімінің алдын алуға бағытталған шаралар кешені әзірленді.

Су айдындарында адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында кең ауқымды алдын алу шаралары ұйымдастырылып өткізілді:

«Судағы қауіпсіздік» тақырыбы бойынша 41 дана баннер, 383 - ескерту және тыйым салу белгілері,  29 - көрнекі стендтер орнатылды;

Жергілікті атқарушы органдар, жергілікті полиция қызметі және волонтерлік ұйымдармен бірлескен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды:

ТЖД – 2224 рейд;

ЖАО – 80 рейд;

ПД – 140 рейд;

983 ерікті тартылды.

12 500 - үгіт өнімі таратылды.

Сондай-ақ, БАҚ арқылы жазғы кезеңде су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелері бойынша іс-шаралар кеңінен жарияланды, сөз сөйлеулер ұйымдастырылды, ақпарат радиода орналастырылды, әлеуметтік желілерде, газеттерде мақалалар жарияланды.

Халықтың, оның ішінде балалардың назарын аударуға бағытталған акциялар мен флэшмобтар өткізілді, сондай-ақ:

69 - әлеуметтік бейнеролик шығарылды.

72 - радиода;

65 - теледидарда;

96 - газет және журналдарда мақала жариялау;

60 рет халықпен жиындар өткізіліп, 600 адам қамтылды;

192 - әлеуметтік желілерде ақпарат жарыққа шығып,

білім беру мекемелерінде 60 интерактивті сабақтар өткізіліп, 14500 оқушы қамтылды.

Шомылу маусымы басталғаннан бері адамдардың суда жаппай демалу орындарында бірлескен рейдтер өткізу кезінде 88 бұзушылық анықталды:

 364 бап «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша 1180 адам жауапкершілікке тартылды;

440-бап «Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу» бойынша 1595 адамға хаттама толтырылып, 15 млн. 670 мың 530 теңге айыппұл салынды;

412-бап «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау» бойынша 38 адамға хаттама толтырылып, 522 мың 959 теңге айыппұл салынды.

Облыс аумағындағы ауа райы қолайлы болып қала береді бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс қонақтары мен тұрғындарынан демалыста өздеріне және жақындарына өте мұқият болуды және судағы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтауды сұрайды, атап айтқанда:

- жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайды;

- балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

- масаң күйде шомылуға болмайды;

- техникалық және ескерту белгілеріне, қалтқыларға шықпаңыз;

- демалушыларға жарақат әкелуі мүмкін қоқыстарды жағада және киім ауыстыратын бөлмелерде қалдырмаңыз;

- қайықтардан, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секірмеңіз.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар