Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының ІІ жартыжылдықтағы концерттік қызметінің мақсат-міндеттері

К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының ІІ жартыжылдықтағы концерттік қызметінің мақсат-міндеттері
ашық
Филармонияның негізгі қызметі – ұлттық өнерді дамыту, дәстүрлі, классикалық, эстрадалық музыка мен би мәдениетін насихаттау, халықтың мәдени сұранысын қанағаттандыру, жас таланттарды қолдау және өңірдің мәдени имиджін көтеру.

Қазіргі таңда филармонияда 7 шығармашылық ұжым жұмыс істейді: Қазақ ұлт аспаптар оркестрі, «Алатау» фольклорлық ансамблі, «Тараз» және «Жамбыл» триолары, «Кәусар» вокалдық ансамблі, «Ақкербез» би ансамблі, «Балауса» цирк ұжымы. Сонымен қатар жеке әртістер шығармашылық қызмет атқаруда.

Ұжымда 223 қызметкер еңбек етеді, олардың ішінде 4 – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, 25 – «Мәдениет саласының үздігі».

2025 жылғы 9 айдағы негізгі нәтижелер: Өткізілген концерттер саны – 188; Көрермендер саны – 48 522 адам; Ақылы концерттер – 35, көрермен – 10 439; Қайырымдылық концерттер – 15, көрермен – 498; Шетелдік гастрольдер – Италия, Жапония, Франция елдерінде өтті;

Халықаралық деңгейде: «Ақкербез» би ансамблі, «Жамбыл» триосы, жеке әртістер әлемдік сахналарда өнер көрсетті.

Елеулі жобалар: Алматы қаласында өткен «Атыңнан айналайын, Әулиеата!» атты концерт; Алтынбек Қоразбаев атындағы халықаралық әншілер конкурсы; Ұлттық домбыра күніне орай Қазақ халық аспаптар оркестрінің «Әулиеата әуендері» плейлисті жарық көрді.

Марапаттар: Филармония әртістері республикалық және халықаралық байқауларда жүлделі орындарға ие болды. Әртістер мен қызметкерлер ҚР Президентінің, облыс әкімінің және салалық марапаттарға қол жеткізді. Филармония ұжымы «Үздік облыстық мекеме» номинациясын иеленді.

Ақпараттық-насихат жұмысы: 2025 жылы филармония қызметі 350-ден астам әлеуметтік желі жазбалары, 9 газет-журнал мақаласы, 18 интернет-басылым жаңалығы арқылы жарияланды. Жергілікті және республикалық телеарналардан шығармашылық жобалар көрсетілді.

Алдағы жоспарлар: Германияда (Саарбрюккен, Берлин) гастрольдік сапар; Алматы, Шымкент қалалары мен бірнеше облыста концерттер; «Ән падишасы – Шәмші аға», «Би керуені», «Кездер-ай», «Менің Қазақстаным!» сияқты мерейтойлық және салтанатты концерттер.

Қорытынды: Филармонияның басты мақсаты – ұлттық өнерді сақтау, дамыту және жас ұрпаққа жеткізу арқылы өңір тұрғындарының рухани байлығын арттыру. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімдігі мен мәдениет басқармасының қолдауымен жалғасын табуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар