Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жергілікті бюджет бойынша Салық кодексінде күтілетін өзгерістер

Жергілікті бюджет бойынша Салық кодексінде күтілетін өзгерістер
ашық
2025 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі қабылданды. Құжаттың мақсаты – салық жүйесін жетілдіру, әкімшілік жүктемені азайту және ашық фискалдық ортаны қалыптастыру.

Негізгі өзгерістер:

  • Жеке табыс салығы бойынша прогрессивтік шкаланың енгізілуі;
  • Корпоративтік табыс салығы мен әлеуметтік салық нормаларын қайта қарау;
  • Арнайы салықтық режимдерді оңтайландыру;
  • Салықтық әкімшілендіруді жеңілдету және есептілікті қысқарту;
  • Жергілікті салықтар (жер, көлік, мүлік) бойынша өзгерістер;
  • Жаңа акциздер мен экологиялық төлемдердің енгізілуі.

Жергілікті салықтар бойынша:

  • Жер және көлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу алынып тасталды, жылдық декларациялар енгізіледі;
  • Мақсатты пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлеріне ескерту берілгеннен кейін ставка 40 есеге ұлғаяды;
  • Көлік салығы бойынша пайдалану мерзімі 10 жылдан және 20 жылдан асқан автокөліктер үшін төмендету коэффициенттері енгізілді;
  • Шаруалар үшін бір пикап көлігіне салық төлеуден босату қарастырылды;
  • Мүлік салығын төлеу тәртібі жеңілдетілді.

Әкімшілендіру:

  • Есептілік нысандары 30%-ға қысқартылды;
  • Декларацияларды алдын ала автоматтандырылған толтыру енгізілді;
  • Есептілікті уақытында тапсырмағаны үшін әкімшілік жауапкершілік алынып тасталды;
  • Цифрлық сервистер («e-Тамға») дамытылады.

Жаңа Салық кодексі бизнеске, әлеуметтік салаға және ауыл шаруашылығына қолдау шараларын салықтық тәртіпті күшейтумен және процестерді цифрландырумен үйлестіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар