Ауыл шаруашылығы саласында субсидияларды жымқыруға қарсы әрекет ету
- author Zhambylokq
- 3 қазан, 2025
- 1

Құқық қорғау қызметінің маңызды аспекттердің бірі тек ғана қылмыстарды анықтап жолын кесумен шектелмейтінін ескеріп, заман талабына сай превентивтік іс-шараларды өткізу, яғни ақпараттық ортада құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі таңда бюджеттік қаражатты жымқыру текқана Қазақстанда емес, экономикасы дамып келе жатқан елдердің көпшілігі үшін де өзекті мәселе болып табылады.
Мемлекеттік бюджет – бұл мұғәлімдердің, дәрігерлердің, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы ғана емес, сонымен қатар сапалы жолдар, балабақшалар мен мектептер, халыққа қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы және т.б.
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің негізгі мақсаты – еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қорғау.
Осыған байланысты, бюджет қаражатының жымқыру деректерін анықтау біздің қызметіміздің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Департаментпен жыл сайын осы салада көптеген деректер анықталады.
Мәселен, соңғы 6 жылда Департаментте Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189 «жымқыру» және 190 «алаяқтық» баптары бойынша 92 қылмыстық іс тіркелген.
2,4 млрд теңгеден астам келтірілген залал көлемінен, 376,8 млн тенге өтеліп, құны 2,8 млрд.теңгені құрайтын мүлік тәркіленді.
Ең жиі кездесетін деректер – ауыл шаруашылығы саласындағы жымқыру әрекеттері.
Осылайша, мемлекет ауыл шаруашылығын субсидиялауға миллиондаған қаржы бөлген жағдайда, бұл арсыз кәсіпкерлер мен басқа да тұлғаларды мемлекеттен негізсіз ақша алу үшін түрлі алаяқтық схемаларды қолдануға итермелейді.
Облыста 544 мың адам жұмыспен қамтылса, ауыл шаруашылығымен 138 мыңнан астам адам айналысады, бұл басқа салалардың қызметкерлерінен бір жарым есеге көп.
Салыстыру үшін, алғашқы үштікке 83 мың адамы бар білім саласы, сондай-ақ 79 мың адамы бар сауда саласы да кіреді.
Талдау көрсеткендей, агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға байланысты шаруалардың бөлінген бюджет қаражатына қолжетімділігі және бюджет қаражатын ұрлаудың тиісті тәуекелдері бойынша бірқатар проблемалық мәселелер бар.
Аталған құқық бұзушылықтардың себептерін зерттеп, оларды жою шараларын қабылдаудамыз. Осы мақсатта біз әртүрлі министрліктер мен ведомстволарға бюджет қаражатын беру нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды жүйелі түрде енгіземіз.
Себептер қаржыландыру ережелерінің жетілдірілмегендігі ғана емес, делдалдық қызмет нәтижесінде бюджет қаражатының үшінші қолға, яғни алаяқтардың қолына түсуі, бюджет қаражатын аударудың дамымаған механизмі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі құрылған сәттен бастап, экономикалық тергеу қызметі бюджет қаражатын ұрлаудың ірі деректерін анықтауға жұмылдырылды.
Мысал ретінде таңқурайдың элиталық сорттарын сатып алуға бөлінген субсидиялардың ұрлануын келтіргім келеді.
Департамент жүргізген тексеріс нәтижесі бойынша шаруа қожалықтарының егістік алқаптарында ауыл шаруашылығы дақылдарының субсидияланатын сорттары табылмаған.
Осылайша, қылмыскерлер мемлекеттен заңсыз түрде 900 миллион теңгеден астам субсидия алған.
Былтыр бұл дерек бойынша сот үкімі шықты, кінәлілер әртүрлі мерзімге сотталды.
Осыған қоса тағы бір мысал айтқым келеді: агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың «Ауыл шаруашылығы техникаларын, машиналарын және жабдықтарын алу» мемлекеттік бағдарламасы бойынша шаруа қожалықтары атынан, алаяқтық арқылы заңсыз субсидия алған тұлғаларға 2023-2024 жылдары сот үкімдерді шығарды.
Осылайша, фермерлердің құқықтық нигилизміне байланысты шаруа қожалықтары атынан делдалдар шығындарды өтеу үшін субсидия алуға өтінім берді. Кейіннен мемлекет қажетті соманы бөліп, қаражат делдалдардың қолына түседі, ал фермерлер қолдан жасалған, сапасыз техника алады.
Бұл мысалдар мұндай алаяқтықтың жекелеген жағдайлары емес. Бүгінгі таңда алаяқтардың әрекетінен зардап шеккен шаруа қожалықтарының жалпы саны анықталды, олардың саны 200-ден асады.
Осы бағытта барлық қажетті тергеу-жедел амалдары жүргізілуде.
Ағымдағы жылда Департаменттің өндірісінде болған қылмыстық іс бойынша мемлекеттен заңсыз субсидия алумен айналысқан «А.» азаматқа қатысты үкім шығарылды.
Аталған азамат, 2021-2022 жылдары аралығында субсидияларды алу үшін шаруа қожалықтардың, жер телімдердің құқық белгілейтін құжаттары мен электрондық кілттерді алу мақсатында Жамбыл облысы аумағында жер телімдері бар адамдарды іздестірген.
«А.» азамат ауыл шаруашылық техниканы сатып алу және шаруа қожалықтарының мекен жайларына жеткізу туралы жалған бухгалтерлік құжаттарды дайындағаны туралы тергеу барысында анықталды. Шаруа қожалықтардың электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдаланыумен өзіне бағынысты кәсіпорының жеке шотын көрсетіп субсидияларды алуға 108 өтінім берді.
Атап айтқанда, бұл азамат 39 миллион теңгеден астам сомаға қылмыстық кірісті тапқан.
Сотқа дейінгі тергеудің нәтижесінде, шаруа қожалықтардың мекенжайларына қолдан жасалған жабдықтар жеткізілгені анықталды.
«А» азаматтың қылмыстық әрекеттерінен 39 миллион теңгеге мемлекетке келтірілген залал сотқа дейінгі тергеу барысында толық көлемінде өтелді.
Сот үкіміне сәйкес, күдікті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабы бойынша кінәлі болып танылды және оған 5 жылға бас бостандығынан айырылу түрінде жаза қолданылды.
Тергеліп жатқан істер аясында нақты ақшамен келтірілген шығынды өтеу ғана емес, қылмыстық жолмен алынған мүлікке тыйым салу қарастырылғанын да қоса кеткім келеді.
Осы сәтті пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы саласындағы барлық кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарының басшыларына электрондық цифрлық қолтаңбаны алаяқ болып шығуы мүмкін үшінші тұлғаларға беруге және пайдалануға жол бермеуге туралы ескертеміз.
Біз шаруа қожалықтарын заң мен тәртіпті сақтай отырып, Қазақстан Республикасының заң аясында жұмыс істеуге шақырамыз.
Сондай-ақ, экономикалық құқық бұзушылық деректері туралы «AFM Insider» телеграмма ботына немесе Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің сенім телефоны (кезекші бөлімі) арқылы әрқашан хабарлауға болатынын хабарлаймыз: 34-75-38.
Жамбыл облысы бойынша ЭТТД