ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ҚУАТЫ 1 ГВТ БОЛАТЫН ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ САЛЫНАДЫ
- author Zhambylokq
- Бүгін, 16:18
- 3

🔹 Энергетика министрлігінің мәліметінше, кездесудің басты тақырыбы — Жамбыл облысында қуаты 1 гигаватт болатын ірі жел электр станциясын салу жобасы.
🔹 Ерлан Әккенженов атап өткендей, Қазақстан Masdar компаниясын «жасыл» энергетика саласындағы стратегиялық серіктес ретінде қарастырады. «Үкімет сенімді құқықтық негіз қалыптастыру жөніндегі міндеттемелерін орындады. Сондай-ақ станцияның белгіленген мерзімде іске қосылуын қамтамасыз ету үшін өңірлік деңгейде барлық қажетті қолдау көрсетілетін болады», — деді министр.
🔹 Бұдан бөлек, Әккенженов IRENA – Халықаралық жаңартылатын энергия көздері агенттігінің бас директоры Франческо Ла Камерамен де кездесті. Тараптар үш негізгі бағыттағы ынтымақтастықты талқылады:
1. энергия сақтау жүйелерін дамыту,
2. «жасыл» сутегі өндірісін жолға қою,
3. APRECA бастамасы аясындағы өңірлік жобаларды іске асыру.
🔹 Министрдің айтуынша, Қазақстан жаңартылатын энергия көздерін кеңінен енгізуге ниетті және IRENA-мен серіктестікте үлкен әлеует бар деп санайды.
📌 Еске сала кетсек, биыл мамыр айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен БАӘ арасындағы қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу жөніндегі үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойған болатын. Ал 2025 жылдың қаңтарында Ақорда Masdar компаниясы Жамбыл облысындағы жел паркіне 1,4 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция салатынын хабарлаған еді.