
Бөлінген қаражат есебінен 17,7 шқ көше жолдары мен 5 көпір құрылыспен, 8,0 шқ жолдарды қайта жаңғыртумен және 438,8 шқ жолдарды орта жөндеумен қамтылуда.
Оның ішінде:
62,1 шқ – облыстық маңызы бар автожолдар;
48 шқ – аудандық маңызы бар;
330,4 шқ – елді мекен көшелері.
Барлығы 182 жобаны іске асыру аясында 464,5 шақырым жол құрылыс, қайта жаңғырту, орта жөндеулермен қамтылуда.
Іске асырылудағы 182 жобаның 21-і 2024 жылдан өтпелі. Қалған 161 жоба – жаңа жобалар /23 жоба - 2026 ж. өтпелі/.
Бүгінде 182 жобаның 145-де жұмыстар аяқталған, 48-де жұмыстар жалғасуда.
Атап айтқанда:
Облыстық маңызы бар жолдар бойынша 7 жоба жоспарланған. Оның 2-уі келесі жылға өтпелі. Бүгінде 7 жобаның 6-да жұмыстар аяқталды, 1 өтпелі жобада жұмыстар бекітілген өндірістік кестеге сәйкес жалғасуда.
Аудандық маңызы бар жолдар бойынша 17 жоба іске асырылуда. Оның 2-уі келер жылға өтпелі. Бүгінде 15 жобада жұмыстар аяқталды, 2 жобада жұмыстар жалғасуда.
Қайта жаңғырту, құрылыс нысандары бойынша 15 жоба іске асырылуда, оның 14-і келесі жылға өтпелі. Бүгінде 10 нысанда ағымды жылға жоспарланған жұмыстар аяқталды, 5 жобада жұмыстар жүргізілуде.
Елді мекен көшелерін орта жөндеу бойынша барлығы 145 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның 4-уі келер жылға өтпелі. Бүгінде, 113 жобада жұмыстар аяқталды, 32 жобада жұмыстар жүргізілуде.
Жол жөндеу жұмыстарының сапасы «Жол активтерінің Сапа орталығы»-мен бірлесіп тексерілуде.
Бүгінгі күнге 248 инспекциялық шығу өткізіліп, 1079 сынама іріктелді. Оның 222-інде сәйкессіздік анықталып отыр.
Бұл ретте, анықталған кемшіліктерді жұмыс тәртібінде жою шаралары қабылдануда.
Жалпы 2025 жылдың қараша-желтоқсан айларында жергілікті маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп ұстауға 385,5 млн.теңге қарастырылған. Бұл жұмыстарға 21 мердігерлік ұйымдарды тартып, 178 бірлік техника жұмылдыру жоспарлануда.
Бүгінгі таңда, қысқы күтіп ұстауға облыс көлемінде жоспардағы 14 925 тонна құмның 7075 тоннасы /47%/, жоспардағы 1 500 тонна тұздың 860 тоннасы жасақталған /57%/.