ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ: 9 АЙЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕР МЕН ЖОСПАРЛАР
- author Zhambylokq
- Бүгін, 15:51
- 15

2025 жылдың 9 айында жастар арасында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағытында 11 бағыт бойынша 13 734 іс-шара ұйымдастырылып, 352 406 жас қамтылды. Оның ішінде қала жастары – 69 942, аудан жастары – 282 464.
Атап айтқанда:
Рухани-адамгершілік тәрбие – 1 736 іс-шара, 34 869 жас қамтылды;
Әскери-патриоттық тәрбие – 665 іс-шара, 20 116 жас қамтылды;
Салауатты өмір салты мен спорт – 795 іс-шара, 30 305 жас қамтылды;
Мәдени-шығармашылық бағыт – 1 334 іс-шара, 71 014 жас қамтылды;
Құқық бұзушылықтың алдын алу – 1 748 іс-шара, 53 359 жас қамтылды;
Діни сауаттылықты арттыру – 871 іс-шара, 23 499 жас қамтылды;
Психологиялық-танымдық кеңес – 1 337 іс-шара, 33 373 жас қамтылды;
Жастарға кеңес беру – 1 485 іс-шара, 31 658 жас қамтылды;
Экологиялық мәдениет – 1 353 іс-шара, 30 005 жас қамтылды;
Этносаралық келісім – 465 іс-шара, 12 224 жас қамтылды;
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – 566 іс-шара, 10 175 жас қамтылды.
Сонымен қатар, волонтерлік қозғалысты жандандыру мақсатында өңірде 3 817 іс-шара өткізіліп, 71 296 жас қамтылған.
NEET санатындағы жастарды қолдау
Отбасылық цифрлық карта мәліметіне сәйкес, облыста 17 076 жұмыссыз жас тіркелген. Жыл басынан бері 13 136 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.
85 жәрмеңке өткізіліп, 1 220 жұмыс беруші қатысып, 4 668 бос жұмыс орны ұсынылды. Нәтижесінде 3 006 жас тұрақты жұмысқа орналасты, оның ішінде 336-сы NEET жастары.
Жастар арасында әлеуметтік мәселелерді шешу және ақпараттық қолдау мақсатында 81 қоғамдық тыңдау және 163 ақпараттық алаң ұйымдастырылып, 6 000-ға жуық жас қамтылды.
«Жасыл ел» жобасы аясында 133 NEET жастары маусымдық жұмысқа тартылды, жалпы 2 000 жас жұмыспен қамтылды.
Жастардың әлеуметік және рухани дамуы
2025 жылдың басынан бері «Суицидтің алдын алу» бойынша 174 іс-шара өтіп, 3 712 жас қамтылған.
«ZHANUYA» емханасымен меморандум аясында қыз тәрбиесі, «Қыз баласының репродуктивті денсаулығы» және «Ерте жүктіліктің алдын алу» бойынша 118 іс-шара өткізіліп, 2 956 студент қатысты.
Сонымен қатар, «Жас отбасылар арасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» бағытында 147 іс-шара өтіп, 3 373 жас қамтылды.
«Лудоманияның алдын алу» бойынша – 129 іс-шара (3 093 жас),
«Нашақорлықтың алдын алу» – 244 іс-шара (4 713 жас),
«Буллинг және кибербуллингтің алдын алу» – 204 іс-шара (4 411 жас).
«Жұмысшы мамандықтары жылы» аясындағы шаралар
Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында жастарға арналған өндірістік экскурсиялар, кәсіби байқаулар өткізілді.
Жастар «Alashprom», «ҚазФосфат», «Тараз қант зауыты» сияқты ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысып, «Кәсіби маман – 2025» байқауына 70-тен астам жас қатысып, үздіктері марапатталды.
Тәртіп пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру
«Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау мақсатында оқу орындарында кездесулер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«QORGAN» жобасы аясында граффити жазбаларды өшіру бойынша 9 акция (198 жас),
«Қоғам сақшысы» жобасы аясында 34 түнгі рейд ұйымдастырылып, заң бұзушылық фактілері анықталды.
Экологиялық және мәдени бастамалар
«Таза Қазақстан» акциясы аясында 19 экологиялық іс-шара өтіп, 510 жас қатысты.
«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында 25 іс-шара ұйымдастырылып, 1 250 жас қамтылды.
Сонымен қатар, әдеби байқаулар, «KitapIQ» зияткерлік сайыстары, «Әулиеата жауһарлары» экспедициясы және «BOLASHAQ JASTAR QUATY – 2025» лагері жоғары деңгейде өтті.
Жамбыл жастары ел дамуы мен қоғамдық өмірдің барлық саласында белсенділік танытып, түрлі бағыттағы бастамаларды табысты жүзеге асыруда.
Жастардың табысы – өңірдің табысы, олардың жетістігі – елдің жетістігі.