Алғаш рет 1931 жылдың 25 тамыз айында ашылған музей қорында қазіргі таңда 72 мыңнан астам бірегей және құнды жәдігерлер сақталған. Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі «Көне Тараз» этно-мәдени, тарихи кешенінде орналасқан жалпы аумағы 4000 аса шаршы метр құрап отыр. Музейдің ғимаратында 4 үлкен экспозиция залдары жасақталып, 5000-ға жуық жәдігерлер халық назарына ұсынылған.Сондай-ақ музейдің 9 қалалық және 4 аудандық бөлімдері де халыққа қызмет етуде.
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі 2025 жылға арналған жылдық жоспарға сәйкес, бірқатар мәдени, танымдық іс-шараларды жүзеге асырды. Оның ішінде ауқымды іс-шараларды атап өтетін болсақ, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы және Халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, жазушы, даңқты әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына орай 26 ақпан күні Астана қаласы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде республикалық акция аясында ұйымдастырылған «Батырлар – ұрпақ есінде» атты көрменің салтанатты ашылу өтті.
Өңірлік коммуникациялар алаңының ақпарат алаңындағы баспасөз конференциясы барысында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Сейітжан Ілияс музейдегі шығармашылық көрмелер мен стратегиялық көрмелер жайында бөлісіп, 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп береді. Сондай-ақ, жыл соңына дейін жоспарланып отырған іс-шаралар мен ауқымды жұмыстар жайындағы ақпараттар да ортаға салынды.




