Жаңалықтар
РҮСТЕМ ОМАРОВ – ДЖЕКИ ЧАНМЕН БІРГЕ ЖАҢА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЛОКБАСТЕРДЕ!
- author Zhambylokq
- 5 қараша, 2025
- 119
Қазақ киноиндустриясы үшін үлкен жаңалық! Белгілі актер әрі сценарист Рүстем Омаров әлемге әйгілі «Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің түсіріліміне ресми түрде қосылды. Бұл – Джеки Чан жетекшілік ететін аты аңызға айналған экшн-франшизаның жаңа бөлімі.
Sәlem Entertainment жобасының жұлдызы бұл картинада актерлік қана емес, сценарий жазу үдерісіне де тікелей атсалысады.
«Бала кезімнен ұстазым әрі кумирім болған Джеки Чанмен бір алаңда жұмыс істеу – мен үшін үлкен мәртебе», – деді Рүстем Омаров.
Бұл жаңалық қазақстандық кино үшін жаңа белес болары сөзсіз!
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ҮШ АУЫСЫМДЫ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖОЙЫЛДЫ
- авторZhambylokq
- 16 қаңтар, 2026
Жаңалықтар
ӨҢІРДЕ «КРЕЩЕНИЕ ГОСПОДНЕ» МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ТӨРТ ШОМЫЛУ ОРНЫ БЕКЕТІЛДІ
- авторZhambylokq
- 16 қаңтар, 2026






