Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯ: ТАРИФТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯ: ТАРИФТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
ашық
Жамбыл облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаменті тұтынушылар мен табиғи монополия субъектілерінің мүдделерін теңгеру, реттелетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, сондай-ақ қызмет көрсету рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүргізіп келеді.

2025 жылдың 10 айында департаментке 24 табиғи монополия субъектісінен 77 тарифтік өтінім келіп түсті. Соның нәтижесінде 24 тариф бекітіліп, 2 өтінім бойынша бағалар шектері келісілді, 26 өтінім қараудан бас тартылды, ал 19 өтінім субъектінің өзі кері қайтарды, 6 өтінім қаралуда.

Департаменттің бақылауы нәтижесінде 3 табиғи монополия субъектісінің 2024 жылғы негізсіз табыс сомасы 349 989,75 мың теңге анықталды. Сонымен қатар, инвестициялық бағдарламаларды қайта қарау және тарифтерді инвестицияға айырбастау бойынша 2 субъектінің бағдарламасына өзгерістер енгізілді.

Құзырлы органдар тарапынан 6 табиғи монополия субъектісіне қатысты 8 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жалпы 17 388 640 теңге айыппұл мемлекет пайдасына өндірілді.

Тұтынушылардың ақпараттандырылуын қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылдың басынан бастап депутаттар, «Amanat» партиясы, жергілікті атқарушы органдар, кәсіпкерлер палатасы, бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен 82 іс-шара өткізілді. Соның ішінде 10 – қоғамдық қабылдау, 3 – баспасөз туры, 20 – жария тыңдау, 16 – семинар, 3 – дөңгелек үстел, 3 – брифинг және тарифтік саясат жөніндегі комиссияның 17 отырысы бар.

Департамент бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да жұмыс жүргізіп, барлығы 345 материал жарияланды: газеттерде – 22, сайтта – 130, телеарна – 6, радио – 15, әлеуметтік желілер – 172.

Сонымен қатар, департаментке 2025 жылдың 9 айында 166 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері келіп түсті. Барлық өтініштер мерзімінде қаралды, олардың көпшілігі (75%) жеке тұлғалардан болды.

Департаменттің басты мақсаты – табиғи монополия субъектілері мен тұтынушылардың мүдделерін қорғау, тарифтік саясатты ашық және әділ жүргізу.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар