Халық және еңбек нарығы
Қала тұрғындарының 39,7%-ы (10 172 адам) – экономикалық белсенді халық. Оның ішінде:
8 624 – жалдамалы жұмысшылар
1 154 – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар
394 – ресми жұмыссыз
Өнеркәсіпте 2 454 адам еңбек етеді («Еврохим», «Қазфосфат», «Асыл-Тұз», «Жарас» және жел электр станциясы).
Өнеркәсіп және экономика
Жаңатас экономикасының негізгі қозғаушы күші – өңдеу өнеркәсібі. Қалада 5 ірі кәсіпорын тұрақты жұмыс істейді.
2024 жылдың 9 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 68,3 млрд теңге, былтырғымен салыстырғанда 14,2 млрд теңгеге көп (өсім – 126,2%).
Негізгі капиталға салынған инвестиция 29,1 млрд теңгені құрап, 4,8 млрд теңгеге артты.
Ауыл шаруашылығы
Қалада 18 шаруа қожалығы жұмыс істейді, 56 адам жұмыспен қамтылған. Мал басы 420 басқа өсті.
5 қожалық асыл тұқымды мәртебеге ие. Қала тұрғындарының 482 сиыры 2 қоғамдық падада бағылады.
Әлеуметтік дүкендер («Батыр-Бек», «Шадияр») тұрақты қызмет етеді, жыл басынан бері 13 жәрмеңке ұйымдастырылды.
Құрылыс және инфрақұрылым
2025 жылға 31 жоба жоспарланып, оның 27-сі іске асырылды.
4 ірі инвестициялық жоба нақтылауда:
«Жастар» спорттық-сауықтыру кешені
80 пәтерлі 2 көпқабатты үй
Аудандық аурухана
Қаладағы 76 көшенің 42-сі (61,6%) асфальтталған, 92% көшеде жарықтандыру бар. 2026 жылы бұл көрсеткіш 100%-ға жетеді.
Барлық көпқабатты және жеке үйлер ауыз су және кәріз жүйесіне қосылған.
Кәсіпкерлік
Қалада 1953 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді (өсім – 117%).
Олар 2984 адамды жұмыспен қамтып отыр.
330 кәсіпкер жалпы 350 млн теңге несие алды.
Бюджет кірістері
2024 жылдың 9 айында қала бюджетіне 309,3 млн теңге түсті, оның басым бөлігі – салықтық түсімдер.
Әлеуметтік қолдау және тұрғын үй
2025 жылы 162 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Қала бойынша тұрғын үй кезегінде 1 462 адам тұр.
Биыл 5А шағын ауданынан 2 үй сатып алынып, мұқтаж азаматтарға берілді.
Қазіргі таңда 60 пәтерлі жаңа үйдің құрылысы және екі 80 пәтерлі үйдің жобасы дайындалуда.
Мәдениет, спорт және абаттандыру
Қалада 12 білім нысаны, 3 спорт мектебі, 52 спорт нысаны бар.
Биыл 169 мәдени іс-шара өткізіліп, 9,5 мың адам қамтылды.
Тазалық жұмыстарына 7 техника мен 39 жұмысшы жұмылдырылған. Жыл басынан бері:
10,5 км арық тазартылды
162 тонна қоқыс шығарылды
2200 түп тал мен 15 206 гүл егілді
Әлеуметтік жобалар
«Жаңатас ВЭС» компаниясының 39 млн теңгелік қолдауымен Д.Қонаев мектебі алдына жаңа фонтан салынып жатыр.
Қала тұрғындарымен жыл басынан бері 10 кездесу өткізіліп, 2700-ден астам адам қатысты.




