Ауыл шаруашылығы
Ауданда 2 560 агроқұрылым жұмыс істейді, оның ішінде 2 өндірістік кооператив және 2 525 шаруа қожалығы. 2025 жылғы қаңтар–қазан айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 53,6 млрд теңге болды. Негізгі дақылдар: бидай, арпа, жүгері, картоп, көкөніс. Ауыл шаруашылығы техникасына 94 бірлік алынды (758,4 млн теңге).
Өнеркәсіп
12 кәсіпорын жұмыс істейді, өнім көлемі 36,4 млрд теңге (НКИ – 103,4%). Ірі кәсіпорындар: «Амангелді ГӨЗ» (мұнай өнімдері), «Кнауф Гипс Тараз» (гипс), «Суперфарм» және «Ерсад» (медициналық бұйымдар).
Инвестициялар
Негізгі капиталға салынған инвестиция – 32,6 млрд теңге (өсім – 165,4%). Жеке инвестициялар – 26,0 млрд теңге. 2025 жылы 10 жоба іске асырылады, 154 жаңа жұмыс орны құрылады.
Шағын және орта бизнес
6 811 ШОБ тіркелген, оның 6 062-сі белсенді. 10 408 адам жұмыс істейді, өнім көлемі – 25,7 млрд теңге. 4 жобаға 109 млн теңге бөлінді, 17 жұмыс орны ашылды.
Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының көлемі – 10,1 млрд теңге (НКИ – 132,1%). Аяқталған нысандар: мәдениет үйлері, мектептер, ауыз су құбырлары. Жүргізіліп жатқан нысандар: спорт кешені, мектеп, мәдениет үйлері.
Тұрғын үй
30 469 м² тұрғын үй пайдалануға берілді (100,1%). 1 789 адам кезекте тұр. Әлеуметтік осал топтарға 40 үй сатып алынды, бюджет кредиттері арқылы 150 пәтер берілді.
Ауыз су және газ
31 елді мекеннің барлығы ауыз сумен қамтамасыз етілген. 31 елді мекеннің 27-сі газ жүйесіне қосылған (87,1%). Тоғызтарау, Жаңаөткел, Құмсуат, Сеңгірбай елді мекендері толық қосылған соң, 100% қамтылу қамтамасыз етіледі.
Жолдар
Аудан жолдарының ұзындығы – 332,2 км. 2025 жылы аудандық маңызы бар жолдарға орта жөндеу жүргізілуде (22,1 км, 695 млн теңге).
Әлеуметтік сала
Жұмыспен қамтуға 4 012 адам тартылды (жоспар – 94,9%). Тұрақты жұмыс орындарына 1 600 адам орналасты.
Білім беру
30 мектепте 10 575 балаға 1 638 мұғалім білім береді. 2 жекеменшік мектеп және 2 қосымша білім беру орталығы жұмыс істейді.
Денсаулық сақтау
29 мекеме қызмет көрсетеді, 76 дәрігер және 415 басқа медицина қызметкері жұмыс істейді. Ауданда жаңа ФАП іске қосылды, аурухана жөндеуге дайын.
Мәдениет және спорт
Ауданда 1 аудандық, 4 ауылдық мәдениет үйі, 10 клуб, 22 кітапхана, 1 музей бар. 114 спорт нысаны жұмыс істейді (спорт кешені, футбол алаңдары, волейбол, баскетбол, стрит-воркаут).




