Ауыл шаруашылығы
2025 жылдың 9 айында ауданның ауыл шаруашылығы өнім көлемі 41,4 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 122,4% болды.
Өсімдік шаруашылығы:
– 31,2 млрд тг (өсім 131,8%)
– Егістік көлемі 93 254 га дейін ұлғайды (өткен жылдан +8773 га).
– Бидай, арпа, жоңышқа, мақсары, жүгері, көкөніс және бақша дақылдары көлемі артты.
– 2699,5 га жерге қант қызылшасы егіліп, «Меркі қант» зауыты 152,9 мың тонна шикізат қабылдады.
Мал шаруашылығы:
– 42,9 мың ІҚМ, 276,7 мың қой-ешкі, 22,3 мың жылқы, 57,3 мың құс
– 16,8 мың тонна сүт, 4,8 мың тонна ет, 1,4 млн дана жұмыртқа өндірілді
Қосымша жұмыстар:
– 1674 га жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді
– 50 техниканың 43-і жаңартылды
– 11050 тонна минералды тыңайтқыштың 99% алынды
Ирригациялық жүйелер
Ауданда 110 канал бар. Оның 66-сы кезең-кезеңімен жөндеуге енгізілген.
Ислам даму банкі арқылы 1 магистрал және 19 канал жаңғыртылмақ.
2026 жылы басталатын ірі жобалар:
– «Молалы» магистралды каналы
– 19 шаруашылық канал (1-кезең)
– 14 канал (2-кезең)
ЕҚДБ аясында Аспара су жүйесі 2,8 млрд теңгеге жөнделуде (50% орындалған).
46 су ұңғымасын қалпына келтіру жобасының 95% аяқталып, 2025 жыл соңында толық іске қосылады.
Өнеркәсіп, кәсіпкерлік және туризм
Ауданда 1 ірі, 3 орта және 14 шағын өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істейді:
– «Меркі қант» зауыты – 600 жұмысшы
– «МерАлко» ЖШС – 85 жұмысшы
– Меркі ірімшік зауыты – 60 жұмысшы
– Ет комбинаты – 25 жұмысшы
2025 жылдың 10 айында өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 9,3 млрд теңге, НКИ – 51,8%.
Кәсіпкерлік:
– 7769 субъект жұмыс істейді (оның ішінде 4552 жеке кәсіпкер, 2877 ШҚ, 334 шағын кәсіпорын).
Туризм:
Ағымдағы жылы 7 ірі туристік және сервистік нысан салынып жатыр.
2025 жылы ауданды 60 мың турист, соның ішінде 2000 шетелдік турист келді.
86 гектар аумақта табиғи парк құрылды.
Инвестиция
2025 жылы ауданға инвестиция тарту мақсатында 41 кездесу өткізілді.
Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бағыттарында 33 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
Ірі жобалар қатарында:
– «Қайсар» ШҚ – 1,3 млрд (сүт фермасы)
– «СПК Даму Сұрат» – 800 млн (көкөніс қоймасы)
– «Petro Retail» – 1,4 млрд (қонақ үй)
– «MERKE INDUSTRY» – 1,3 млрд (металл бұйымдары)
– «Royal Petrol» – 1,5 млрд (екі нысан)
– ГЭС құрылысы – 14,8 млрд
2026–2027 жылдары бұл жобалар толық қуатына шыққанда 300 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы:
– 1054 аула қамтылды
– 5,1 млрд теңге бөлінді
– 5 кооператив құрылды
– 55 техника сатып алынды
– 65 шағын жоба іске асты
Жер қатынастары
2025 жылы 7000 га жерді қайтару жоспарланған, оның 5702 гектары қайтарылды.
Ақермен ауылдық округіне 2805 га жайылымдық жер қосу рәсімделуде.
1232 гектар пайдаланылмай жатқан жерге шара қолдану үшін тиісті органдарға жолданды.
Тұрғын үй
2021–2024 жылдары 122 пәтер сатып алынды.
2025 жылы 30 пәтер алынды, жыл соңына дейін тағы 60 пәтер беріледі.
Асарлатып үй салу жобасы:
– 3 үй + 2 асхана пайдалануға берілді
– Жыл соңына дейін 4 үй аяқталады
Сонымен қатар:
– Кәріз жүйесі бойынша жобалау жұмыстары жүргізілуде
– Қаланың сәулеттік келбетіне арналған эскиздік жоба әзірленуде
Ауыз су және газ
Ауыз су:
– 45 елді мекеннің 44-і қамтылған (97,7%)
– Шалдовар бекеті мен Гранитогорск ауылындағы жұмыстар желтоқсанда аяқталады
– Ақарал мен Сыпатай ауылдарында жобалар жаңартылуда
Газдандыру:
– 45 елді мекеннің 42-сі газбен қамтылған (93,3%)
– Шемен, Жауғаш батыр, Тасөткел ауылдарын газдандыру жобалары дайындалуда
Білім және денсаулық
2025 жылы «Балдәурен» бөбекжайы күрделі жөндеуден өтуде.
Қосымша 1 мектеп, 1 балабақша және 1 мектепке күрделі жөндеу бойынша құжаттар дайын.
Денсаулық сақтау саласы бойынша 4 нысанға күрделі жөндеу жобалары әзір.
Мәдениет және спорт
Ауданда:
– 1 аудандық мәдениет үйі
– 6 ауылдық мәдениет үйі
– 13 клуб
– 25 кітапхана бар
2025 жылы 3 мәдениет нысаны жөнделді, бірнеше жаңа ғимараттың жобасы дайындалуда.
Спорт:
– Жамбыл және Ақарал ауылдарында спорт кешендері салынды
– Жамбыл ауылында заманауи спорт алаңы орнатылды
– Бірнеше ауылда жаңа спорт алаңшалары іске қосылды
Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту
Әлеуметтік қолдау:
– АӘК: 279 отбасы (121,6 млн тг)
– 1–7 жас топтамасы: 504 бала (19,4 млн тг)
– Тұрғын үй көмегі: 49 отбасы (1,46 млн тг)
– Үйде қызмет: 92 адам (30,2 млн тг)
Жұмыспен қамту:
– 3486 адам жұмыспен қамтылды (85,2%)
– 115 адам қысқа мерзімді оқуды аяқтады
– 240 адам онлайн оқудан өтті
– 91 азамат бизнес грант алды (143,1 млн тг)
– 58 жаңа жұмыс орны ашылды
Жолдар
2025 жылы 24,5 км болатын 24 көше жөнделді (95% орындалды).
Аудандағы асфальтталған көшелердің үлесі 90,1% жетеді.
2023–2024 жылдары 171 көше асфальтталды, 4 көшеге тротуар салынды, 11 көшеге шағал тас төселді.
Қыстық дайындығы толық аяқталды. Меркі ауданы 2025 жылдың ІІ жарты жылдығында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін тұрақты түрде арттыруда. Ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, инвестиция, кәсіпкерлік, жол, ауыз су, газ, әлеуметтік және мәдени бағыттарда ауқымды жобалар жүзеге асуда.
Алдағы жылдары ауданның әлеуетін көтеруге бағытталған жұмыстар жалғасады. Бұл нәтижелерге жету – тұрғындардың қолдауы мен жауапты органдардың бірлескен еңбегінің жемісі.
Ұқсас жаңалықтар
ТАЛАЙ ЖЫЛ БОС ЖАТҚАН ЖЕРЛЕР ҮКІМЕТ ҚОЛЫНА ҚАЙТАРЫЛЫП ЖАТЫР
- авторZhambylokq
- 20 қараша, 2025




