«САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЙЫЗЫ БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕ БАСТАДЫ
- author Zhambylokq
- Бүгін, 17:45
- 1
Аталған жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия бастамасымен жүзеге асуда.
Үшбұлақ станциясында қабылдау басталды.
Үшбұлақ станциясына аялдаған пойызға таңертеңнен бері медициналық кеңес алуға келген тұрғындар саны көп болды. Халық кезекке тұрып, өз қажеттіліктеріне қарай түрлі мамандардың қабылдауынан өтуде. Ауыл тұрғындары мұндай мүмкіндіктің өздері үшін өте маңызды екенін айтып, алысқа шықпай-ақ сапалы тексерістен өтуге мүмкіндік туғанына ризашылықтарын білдірді.
Аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов арнайы келіп, құрамдағы дәрігерлермен кездесіп, олардың жұмысымен танысты. 29 маман қызмет көрсетуде.
Жылжымалы емханада 29 білікті дәрігер жұмыс істейді. Пойыз өз қызметін 20 мамырда бастап, еліміздің әр өңіріндегі ауыл тұрғындарын аралап жүр. Медициналық пойыз құрамында әртүрлі бейіндегі мамандар бар, соның ішінде:
- офтальмолог
- ЛОР-дәрігер
- гинеколог
- кардиолог
- ересектер мен балаларға арналған тіс дәрігері
- психолог
Сонымен қатар, заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген:
ультрадыбыстық зерттеу аппараты, рентген, маммография, ЭКГ және функционалдық диагностика құралдары. Бұл тұрғындарға толыққанды тексеруден өтіп, қажетті ем-дом бойынша кеңес алуға мүмкіндік береді.
Ұқсас жаңалықтар
ТАЛАЙ ЖЫЛ БОС ЖАТҚАН ЖЕРЛЕР ҮКІМЕТ ҚОЛЫНА ҚАЙТАРЫЛЫП ЖАТЫР
- авторZhambylokq
- 20 қараша, 2025




