Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША 40% ҚАНТ ЖАМБЫЛДА ӨНДІРІЛЕДІ

РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША 40% ҚАНТ ЖАМБЫЛДА ӨНДІРІЛЕДІ
ашық
Қазақстан өндірілетін қанттың шамамен 40%-ы Жамбыл облысында өндіріледі.

Өңірде қант қызылшасы мен қант қамысы егіске қолайлы климаттық жағдайларға ие, сонымен қатар зауыттар техникалармен қамтамасыз етілген. Жамбылдағы қант өндірісі өңір экономикасының дамуына серпін беріп,  азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосып отыр.

Жамбыл облысында инфляция деңгейі жыл басынан бері 10,4%-ды құрады (Республика бойынша – 11,4%), соның ішінде азық-түлік тауарлары 11,4% (ҚР – 12,2%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 9,1% (ҚР – 10,3%), ақылы қызметтер – 9,9% (11,4%).

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) инфляциясы жыл басынан бері 9,9%-ды құрады (Республика бойынша – 8,5%).

Десек те, Жамбыл облысында Қазақстанның басқа облыстарымен салыстырғанда бағалар айтарлықтай төмен.

Облыста азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу, баға тұрақтылығын сақтау бойынша бірқатар шаралар атқарылуда. Осы мақсатта өңірлік тұрақтандыру қорындағы тауарлар нарықтағыдан төмен бағамен тауарлық интервенциялар тетігі арқылы ірі сауда желілері мен әлеуметтік дүкендерге орналастырылуда. Бұл тәсіл сауда субъектілері арасында бәсекелестік орта қалыптастырып, басқа сауда орындарында бағаның өсуіне жол бермейді.

Бүгінде Тараз қаласында 16 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді, бұған қосымша тағы 3 дүкен ашу жоспарлануда. Бұл дүкендерде жергілікті азық-түлік тауарын өндірушілер мен тұрақтандыру қорының өнімдері нарықтағыдан төмен бағамен сатылады. Аталған әлеуметтік дүкендер қала халқының 11%-ын, оның ішінде аз қамтылған азаматтардың 100%-ын қамтиды.

Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында 13 түрлі әлеуметтік маңызды азық-түлік қоры сақтаулы. Олар:

  • ақ қант – құмшекер – 12 070,5 тонна;
  • бірінші сортты бидай ұны – 588,6 тонна;
  • күріш – 1 011,6 тонна;
  • қарақұмық жармасы – 102,1 тонна;
  • күнбағыс майы – 589,7 литр;
  • І санатты тауық жұмыртқасы – 7 367,0 мың дана;
  • пастерленген майлылығы 2,5% жұмсақ қаптамадағы сүт – 226,6 литр;
  • тұз – 2,5 тонна;
  • сиыр еті – 400,0 тонна;
  • қырыққабат – 1 621 тонна;
  • сәбіз – 1 547 тонна;
  • пияз – 1 075 тонна;
  • картоп – 6 767 тонна.

Бүгінгі күнге өңірлік тұрақтандыру қорынан дүкен сөрелеріне 115,5 тонна картоп, 9,9 тонна қырыққабат, 37,5 тонна құмшекер, 16,0 мың литр күнбағыс майы, 34,4 мың тауық жұмыртқасы, 1,0 тонна тұз және 0,5 тонна күріш орналастырылды.

Сонымен қатар, тауар өндірушілер/көтерме жеткізушілер мен бөлшек саудада сатушылар арасындағы артық делдалдарды жою мақсатында жүргізілген жұмыс барысында арадағы алып-сатарлардың ӘМАТ тауарларына сауда үстемесін 15%-дан асыра сатып жатқаны бойынша биылғы жыл басынан бері 84 құқық бұзушылық фактісі анықталып, 52 кәсіпкерге жалпы сомасы 550 480 теңгеге айыппұл салынды, қалғандарына ескерту берілді.

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің бағаны тұрақтандыру, отандық өндірушілерді қолдау бойынша шұғыл шаралар қабылдау мақсатында ұйымдастырып жатқан республикалық «Береке Fest» акциясын облыс аумағында өткізу үшін «Фиркан», «Көтерме саудагер», «Даниал Даму», «Арзан Сити» супермаркеттер желілерімен бағаның өсуін ұстап тұру және төмендету, сауда үстемесінің мөлшерін 10%-дан асырмау туралы меморандумдар жасалынып, акцияның тұжырымдамасы мен логотипі таратылды.

 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар