2025 ЖЫЛЫ ОБЛЫСТА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР
- author Zhambylokq
- 10 желтоқсан, 2025
- 3
БІЛІМ САЛАСЫ: 6 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Білім саласында барлығы 22 нысан салынуда. Оның ішінде 6 мектептің құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Атап айтқанда:
Тараз қаласындағы №15 және №7 мектептерге жапсарлас ғимараттар,
Байзақ ауданы Сарыбарақ ауылындағы 100 орындық мектеп,
Жамбыл ауданы Бәйтерек ауылындағы 100 орындық және Шайдана ауылындағы 150 орындық мектеп,
Т.Рысқұлов ауданы Малдыбай ауылындағы 120 орындық мектеп.
Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 4 мектептің де құрылысы толық аяқталып, ел игілігіне берілді.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ: 5 НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
2025 жылы денсаулық сақтау саласында 9 нысанның құрылысы жүргізіліп, бүгінгі таңда 5 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. Оның ішінде:
Қордай ауданындағы БСЛ-3 цехы,
Сортөбе ауылындағы 200 келушіге арналған емхана,
Үлкен Сұлутөр ауылындағы 45 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория,
Меркі аудандық орталық ауруханасының «Литер-А» бөлігі,
Талас ауданы Ақкөл ауылындағы 45 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория.
СПОРТ: 3 НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Спорт саласында жалпы 13 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 3 спорт нысаны толық аяқталып, пайдалануға берілді:
Мойынқұм ауданы Айдарлы ауылындағы спорт кешені,
Бірлік ауылындағы стадионды қайта жаңғырту,
Талас ауданы Бостандық ауылындағы спорт кешені.
МӘДЕНИЕТ: 10 НЫСАННЫҢ 6-АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Мәдениет саласында 12 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Соның ішінде 10 нысанды тапсыру жоспарланған, бүгінгі таңда 6 мәдениет нысаны пайдалануға берілді. Олар:
Тараз қаласындағы Тектұрмас кешеніндегі «Ежелгі бекініс»,
Құмшағал алқабындағы мәдениет үйі,
Байзақ ауданы Мырзатай ауылындағы 120 орындық мәдениет үйі,
Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылындағы 180 орындық мәдениет үйі,
Мойынқұм ауданы Айдарлы ауылындағы 90 орындық мәдениет үйі,
Шу ауданы Белбасар ауылындағы 90 орындық мәдениет үйі.
2 СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫҚ НЫСАНЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ.
2025 жылы су шаруашылығы саласында 2 нысанның құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл жобалар елді мекендерді тұрақты сумен қамтамасыз етуге және инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған.




