Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
ашық дерек
Қазыналы Қаратау қаласы – Жамбыл облысы Талас ауданының өндірістік әрі әлеуметтік маңызы бар орталығы. 1963 жылы іргесі қаланған қала бүгінде орташа экономикалық әлеуеті бар, даму қарқыны тұрақты өңірлердің қатарына жатады. 2025 жылғы 1 шілдедегі статистикалық деректерге сәйкес, Қаратау қаласының халық саны 28 309 адамды құрады.

Қала тұрғындарының бірлігі мен ынтымағының, сондай-ақ Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған міндеттердің жүйелі орындалуының арқасында 2025 жылы барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң өсім қалыптасты.

Экономикалық белсенділік және жұмыспен қамту

Қалада 16 189 адам (56,8%) экономикалық белсенді халық санатына жатады. Оның ішінде:

14 181 адам (87,5%) – жалдамалы жұмысшылар,

1 668 адам (10,3%) – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар,

340 адам (2,0%) – жұмыссыз ретінде тіркелген.

Бюджет және салық түсімдері

Өнеркәсіп орындары санының артуы бюджет кірісінің ұлғаюына ықпал етті. 2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша қала бюджетінің кірісі 242,5 млн теңгені құрап, жоспар 160%-ға орындалды. Негізгі түсімдер жеке табыс салығы, көлік салығы, жер және мүлік салықтары есебінен қамтамасыз етілді.

Инфрақұрылымды дамыту

Қала аумағында жалпы ұзындығы 94,8 шақырымды құрайтын 130 көше бар. 2023–2027 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында 2025 жылы 10 көшеде (7,6 шақырым) орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Қосымша 24 көше асфальттауды қажет етеді, ал 2027 жылға дейін қалаішілік жолдардың жағдайы 100% қамтылады деп жоспарланған.

Жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында жол белгілері жаңартылып, жасанды бұдырлықтар орнатылды, жаңа бағдаршам іске қосылды.

Жарықтандыру және инженерлік желілер

Ағымдағы жылы қаладағы 7 көшеге түнгі жарық шамдары орнатылды. Қазіргі таңда қаланың 62,8%-ы жарықтандырылған, көпқабатты және шағын аудандардың аулалары толық қамтылған.

Қала тұрғындары ауыз сумен 100% қамтамасыз етілген, газбен қамту деңгейі – 91,3%. Сонымен қатар, жылу желілерін жаңғыртуға 211,7 млн теңге бөлініп, маңызды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Абаттандыру және экология

Қала аумақтарын абаттандыру бағытында балалар ойын алаңдары, шағын футбол алаңдары орнатылып, жасыл желек көлемі ұлғайтылды. 2025 жылы 10 000-нан астам ағаш көшеттері отырғызылып, «Жасыл белдеу» аймағы кеңейтілді. Суару жүйелері жаңартылып, ұңғымалар қазылды.

Тазалық және қоғамдық тәртіп

Қаланың санитарлық тазалығы тұрақты бақылауда. Қоқыс алаңдары жаңартылып, қосымша қоқыс жәшіктері орнатылды. Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бейнебақылау камераларының саны 66-ға жетті.

Кәсіпкерлік және инвестиция

«Ауыл аманаты» жобасы аясында қалада 42 кәсіпкер 295,8 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, түрлі салада жаңа жұмыс орындары ашылды.

Сонымен қатар, 2025 жылы Қаратау қаласында «Karatau Chemicals» өндірістік жобасы іске қосылып, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырды. Жобаның құны – 2,88 млрд теңге, 31 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

2025 жыл Қаратау қаласы үшін нақты нәтижелер мен тұрақты дамудың жылы болды. Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттер кезең-кезеңімен орындалып, қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасуда. 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар