Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР XXV ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДА 10 СПОРТ ТҮРІНЕН БАҚ СЫНАЙТЫН БОЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР XXV ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДА 10 СПОРТ ТҮРІНЕН БАҚ СЫНАЙТЫН БОЛАДЫ
ашық дерек
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында 6–22 ақпан күндері Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін XXV Қысқы Олимпиада ойындарына қазақстандық спортшылардың дайындығы жөнінде есеп берді.

Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында 2026 жылғы 6–22 ақпан аралығында өтетін XXV Қысқы Олимпиада ойындарына дайындық жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында баяндады.

Министрдің айтуынша, Олимпиада ойындарына әлемнің 93 елінен шамамен 3 мыңға жуық спортшы қатысады. Жалпы саны 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстанның ұлттық құрамасы 10 спорт түрі бойынша бақ сынап, 58 медаль жиынтығына таласады. Олардың қатарында биатлон, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарыстары, шаңғымен трамплиннен секіру, фристайл-могул және фристайл-акробатика бар.  

Салтанатты ашылу рәсімі 2026 жылдың 6 ақпанында Милан қаласында өтсе, жабылу салтанаты 22 ақпанда Верона қаласында ұйымдастырылады. Олимпиада бағдарламасы конькимен жүгіру мен шаңғы жарыстары спортшыларының өнер көрсетуімен басталып, соңғы кезеңде тау шаңғысы жарыстарымен аяқталады.

Болжамға сәйкес, ұлттық құраманың сапында 35-ке жуық спортшы өнер көрсетеді. Айта кетейік, 2022 жылы Пекинде өткен Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан 34 спортшы қатысқан болатын.

Қазіргі таңда мәнерлеп сырғанаудан Софья Самоделкина мен Михаил Шайдоровтың екі жеке ресми Олимпиада лицензиясы бар. Сонымен қатар қазақстандық спортшылар шорт-тректен 9, конькимен жүгіруден 12 лицензия жеңіп алған.

Министрдің мәліметінше, елімізде қысқы олимпиадалық спорттың 13 түрі дамып келеді. Олардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету және олимпиадалық резервті даярлау мақсатында спорттық инфрақұрылымды кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде республика бойынша қысқы спорт түрлеріне арналған 1 262 спорт нысаны бар. Бұл инфрақұрылым спортшылардың дайындалуына қолайлы жағдай жасап, қысқы спорттың кеңінен дамуына мүмкіндік беріп отыр.   

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар