Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
Ашық дерек
Президент Жолдауында белгіленген «Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыру аясында елімізде есірткі қылмысына қарсы күрес жалпыұлттық деңгейде жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл бағытта Жамбыл облысы Полиция департаменті ерекше бақылау орнатқан. Себебі облыс аумағында заңсыз есірткі өндірісіне шикізат көзі болып саналатын Шу алқабы орналасқан.

2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша Жамбыл облысында 536 есірткі құқық бұзушылығы анықталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 58 дерекке артық. Оның ішінде 235 қылмыс және 301 қылмыстық теріс қылық тіркелген. Қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде заңсыз айналымнан 9 тонна 242 келі түрлі есірткі заттары тәркіленді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 тонна 250 келіге көп.

Тәркіленген есірткі заттарының құрылымы:

кептірілген марихуана – 4 т 530 кг;

қарасора өсімдігі – 4 т 546 кг;

гашиш – 162 кг;

синтетикалық есірткі – 9 кг 288 г.

«Шу алқабынан» тасымалға тосқауыл

Есірткі заттарының республика өңірлеріне таралуына жол бермеу мақсатында Қарағанды, Алматы және Түркістан облыстары бағыттарында полицияның мобильдік топтары қойылды. Жыл басынан бері аталған топтардың жұмысы нәтижесінде 20 тасымалдау арнасы тоқтатылып, 295 кг-нан астам марихуана, 151 кг гашиш, 470 г синтетикалық есірткі тәркіленді. 22 адам ұсталды. Сонымен қатар, үш ішкі бақыланатын жеткізу ұйымдастырылды.

Ұйымдасқан қылмыстық топтарға соққы.

Заңсыз есірткі саудасымен айналысқан 6 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленіп, жолы кесілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабының 1 және 2-бөліктері бойынша екі қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданды. Синтетикалық есірткілермен күрес те күшейтілді. 2025 жылы бұл бағытта 14 адам ұсталып, заңсыз айналымнан 9 кг-нан астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Атап айтқанда, 26 маусымда Шу қаласынан Алматы облысына бағытталған жедел іс-шара барысында синтетикалық есірткі өндіретін нарколаборатория ұйымдастырған Ресей Федерациясының екі азаматы ұсталды. Тінту кезінде 8 кг-нан астам «мефедрон», 2 тоннадан аса прекурсорлар мен арнайы жабдықтар алынды.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар