КАДРЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру және кадр тұрақтылығын сақтау – басты міндеттеріміздің бірі. Біз мамандардың бос орындарын барынша азайтудамыз. Департаменттің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 2024-2025 жылдарда кадр жетіспеушілігіне талдау жасалып, жалақының төмендігі тәжірибелі мамандардың жұмыстан кетуінің негізгі себебі болып отырғанын анықтадық. Сондай-ақ, судьялыққа өткен қызметкерлердің барын да атап өткен жөн.
Алайда, осы жылдан бастап сот қызметкерлерінің жалақысы (16/32%) аралығында көтерілді және бұл алдағы уақытта кадр мәселесіне оң ықпалын тигізеді деген ойдамыз. Жалақының базалық өсімі 16%-ды құрайды, ол өзгеріс бөлім басшыларынан бастап, төменге қарай барлық мемлекеттік қызметкерлерге қатысты. Департамент басшысы мен оның орынбасарларында өсім болмайды.
Келесі тағы 16%-ға өсім кейбір мемлекеттік қызметкерлердің Б-дан А блогына ауыстырылуының нәтижесінде жүзеге асады (аппеляцияның бас мамандарынан бастап барлық қызметкерлері және 1 саты соттарының сот отырысының хатшылары). Сот қызметкерлері бұл төлемдерді осы қаңтар айынан бастап ала бастады.
Ақпан айында мемлекеттік қызметкерлер бонустық жүйеге сәйкес бағаланып, 2 лауазымдық төлем көлемінде бонус алады.
Сонымен қатар, Сот әкімшілігі тарапынан кейбір штаты үлкен аудандық соттар әкімшілеріне басшының орынбасары, бөлім басшылары лауазымдарын енгізу бойынша облыстарға ұсыныс беру мәселесі көтерілді. Ол бойынша біз 3-4 аудандық сотты ұсынамыз деген жоспарымыз бар. Бұл бір жағынан мансаптық өсу, екінші жағынан олардың жалақысын көтеру мүмкіндігі болады. Бұл өз кезегінде кадрлық әлеуетті арттыруға өз септігін тигізеді деген ойдамыз.
Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны 290 бірлікті құрайды, нақты саны – 264 бірлік (05.12.2025 ж. жағдай бойынша).
Бүгінгі таңда, бос орындардың саны 26 бірлікті құрайды, оның ішінде 14-і уақытша орын.
2025 жылы 11 мемлекеттік қызметші, оның 5-өз қалауы бойынша, 2-басқа қызметке ауысуына байланысты, 1-жеке секторға кетуіне байланысты, 2-басқа лауазымға тағайындалуына байланысты және 1-зейнетке шығуына байланысты жұмыстан босатылған.
Өткен кезеңде (2025ж.), Департамент әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің бос лауазымдарына 6 рет ішкі конкурс жариялады, нәтижесінде 3 үміткер оң қорытынды алды. 2025 жылғы 1 шілдеден бастап жалпы конкурстар жаңа Қағида бойынша өткізілуде. 4-ші тоқсанда 56 бос орынға жалпы конкурстар өткізілді, нәтижесінде 13 үміткер комиссияның оң қорытындысын алды. Сонымен қатар, 3 мемлекеттік қызметкер конкурстан тыс ауыстыру тәртібімен тағайындалды.
Өткен жылдың қараша айында Департамен Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетімен өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында білімгерлермен кездесу өткізіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, келісім-шарт жасады. Меморандум аясында білімгерлерге кәсіптік бағдар беру, тәжірибеден өткізу, жұмысқа тарту көзделген. Бұдан бөлек, Жамбыл политехникалық жоғары колледжі мен «Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжімен келісім-шарттар жасалды. Қазіргі уақытта, 37 білімгер облыстық сотта, аудандық соттар әкімшілерінде өндірістік тәжірибеден өтуде.
Сонымен қатар, 12 желтоқсанда жоғары оқу орындарының білімгерлеріне «Ашық есік күні» өткізілді. Онда білімгерлер сот жұмысымен танысып, облыстық соттың тарихы, сот жүйесінің ашықтығы мен жаңашылдықтары туралы және «Мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі» тақырыбында ақпараттар алды.
Квалификациялық талаптарды өзгертіп, толықтырдық. Яғни басқа мамандық иелерін тарту секілді. Құқық қорғау ісі, Әскери іс, мұрағат ісі, құжат айналымы мамандықтары.
«Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша жас мамандарды жұмысқа тарту бойынша жұмыспен қамту орталықтарымен өзара іс-қимыл жүргізу тұрақты түрде жолға қойылды. Өткен жылы аталған бағдарлама бойынша 9 жас маман жұмысқа қабылданды.
Оқу орындарымен өзара байланысты нығайту, жас мамандарды қолдау, жұмысқа тарту және практикалық тәжірибені ұйымдастыру бағытындағы іс-шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады. Бұл өз кезегінде білікті кадрларды даярлау мен тарту ісіне оң ықпалын тигізеді.
Облыстағы судьялардың штаттық саны 125 бірлікті құрайды, нақты саны - 114. Қазіргі уақытта, судьялардың 11 бос лауазымдары бар. 2 судья – бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыста, 1 судьяның өкілеттілігі тоқтатылған, 1 судья ҚР ЖС жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның мүшесі болып сайлануына байланысты ҚР Жоғарғы Сотына іссапарға жіберілген.
ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының өкімдерімен 3 отставкадағы судья сот төрелігін атқаруға тартылған.
Тәртіптік комиссия жұмысы
2025 жылы 21 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде, 2 сот әкімшісінің басшысына қарамағындағылардың қызметіне бақылау жасамағаны үшін, 1 бас маманға «Е-Өтініш» АЖ-де келіп түскен жолданымды кешіктіріп жолдағаны үшін, 3 бас маманға арыз және талап тілектерді уақытылы тіркемегені үшін, 1 бас маманға және 3 жетекші маманға сот істері бойынша карточкаларды толтыру кезінде заңбұзушылыққа жол бергендері үшін, 4 бас маман-сот отырысының хатшыларына сот шешімдері мен атқару парақтарын уақытылы немесе дұрыс жолдамағаны үшін, 1 бас маман-сот отырысының хатшысына өзінің функционалдық міндеттерін тиісінше орындамағаны және сот отырыстарында дыбыссыз жазылған хаттамаларды уақытылы жасамағаны үшін, 1 жетекші маманға істерді автоматтандырылған бөлу қағидасын бұзғандары үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы, 2 сот әкімшісінің басшысына істерді автоматты түрде қайта бөлу талаптарын бұзғаны үшін, 1 аға сот приставына қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін және 1 бас маман-сот отырысының хатшысына өзінің функционалдық міндеттерін тиісінше орындамағаны және Әдеп кодексі нормаларын бұзғаны үшін «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазасы жарияланған. Сонымен қатар, 1 бас маман-сот отырысының хатшысына өзіне жүктелген фунционалдық міндеттерін жүйелі түрде орындамағаны үшін, «лауазымынан төмендету» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылған.
ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Қаржыландырудың жылдық жеке жоспарымен 2025 жылдың қаржы көлемі 3 847 475 200 теңгені құрады.
Оның 3 256 518 700 теңгесі, яғни барлық қаражаттың 84,7% еңбекақы қорын құрайды.
2025 жылы бюджет қаражаты 100% игерілді.
Есепті кезеңде судьялар мен мем.қызметшілердің еңбекақы қоры 3 028 352 500 теңгені құрады, оның ішінде мем.қызметшілер бойынша бонус төлемдері 106 435 892 теңге.
ІШКІ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША
Аудандық және оған теңестірілген соттардың ғимарттарында орнатылған инженерлік-техникалық жабдықтар, оның ішінде күзет дабыл қағу құралы, бақылау-өткізу бекеті (турникет, СКУД, қолма-қол метал іздегіш құралы және т.б.) штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Есептік кезеңде, сот төрелігін жүзеге асыруда судьяларға іске қатысушылар тарапынан қызығушылық танытып, қысым көрсету фактілері анықталған жоқ.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекеті үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылған мемлекеттік-әкімшілік қызметкерлер болған жоқ.
Судьялар және сот жүйесінің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген. Жоспардың тармақтары кезең-кезеңімен орындалуда.
2025 жылдың 12 айында соттардағы істерді автотамтты түрде бөлудің дұрыстығына тексеру жүргізілді. Істерге заңсыз араласу фактілері анықталған жоқ.




