Есептік кезеңде сот әкімшілендірудің сапасы мен тиімділігін арттыру, қолжетімділікті қамтамасыз ету, халықтың сотқа деген сенімін және сот жүйесінің имиджін одан әрі нығайту бойынша тиісті жұмыстар атқарылды.
2025 жылдың 12 айында облыс соттарымен сот үкімін шығару арқылы 1 494 адамға қатысты 1 268 қылмыстық іс қаралды. Сотталғандардың басым бөлігі — 1 471 адам немесе 98,5% айыпты деп танылса, 23 адам (1,5%) ақталды.