ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ҚОЛДАП ОТЫР
- author Zhambylokq
- 16 ақпан, 2026
- 13
Облыс орталығындағы «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде өңір жұртшылығымен кездесу өтті. Іс-шараға мәслихат депутаттары, ардагерлер, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері, өңірдегі кәсіпорындардың, сондай-ақ медицина және білім беру салаларының қызметкерлері қатысты. Жалпы саны 500-ге жуық адам бас қосты.
Кездесу қорытындысында Жамбыл облысының жұртшылығы Жаңа Конституция қоғам сұранысына толық жауап береді және Тәуелсіз Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз етеді деп мәлімдеді. Сондықтан олар Жаңа Конституцияны толық қолдайтындарын жеткізді. Өңір тұрғындары 15 наурызда сайлау учаскелеріне келіп, Жаңа Конституция қабылдау, яғни Қуатты, Әділетті және Прогрессивті Қазақстанды құру жолында өз таңдауын жасайды.
ОБЛЫС АУМАҒЫНАН 5000-НАН АСТАМ ТЕКШЕ МЕТР ҚАР ШЫҒАРЫЛДЫ
Ұқсас жаңалықтар
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖАҢА НЫСАНДАР САЛУ
- авторZhambylokq
- 13 ақпан, 2026




