ОБЛЫС АУМАҒЫНАН 5000-НАН АСТАМ ТЕКШЕ МЕТР ҚАР ШЫҒАРЫЛДЫ
- author Zhambylokq
- 16 ақпан, 2026
- 216
«Шоң-Қақпа» су қоймасынан Талас өзеніне қауіп төндіретін 6 елді мекенге (Тараз қаласында 3 учаске, Байзақ ауданында 5 учаске және Жамбыл ауданында 3 учаске (4548 тұрғыны бар, 7987 үй) жергілікті атқарушы органдармен өзен арнасының жағалауын нығайту жұмыстары,табанын мехникалық тазалау және судың бағытын өзгерту жұмыстары жүргізіліп қауіп төмендетілді.
Облысқа үлкен қауіп төндіруі мүмкін «Шоң-Қақпа» су қоймасынан Талас өзеніне тасталған суды қауіпсіз өткізу және көлемін азайту мақсатында елді мекендерді су басуы ықтимал 8 учаске анықталып, жергілікті атқарушы органдарымен өзен арнасын нығайту жұмыстары жүргізілді.
Анықтама: ІІ-аймақта (участок) жағалауды тау тасымен нығайту жұмыстары жүргізілді, сон ымен қатар Талас өзенінің табанын тазалау жұмыстары жүргізілді, ұзындығы 150 метр, ені – 30 метр, судың бағыты өзгертілді (выпрямление русла).
«Алматы-Ташкент-Термез» республикалық мәндегі автомобиль жолының сол жақ жағалауында Талас өзенінің арнасын бұрып, ұзындығы 60 метр жағалауының дамбасы көтерілді. Биіктігі 1,5-2 метр.
«Денсаулық» саяжайының аумағындағы Талас өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары жүргізілді.
2026 жылы көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында 8 ирригациялық жалпы ұзындығы 82,55 шақырым 7 каналдарға механикалық тазалау, арық жүйесін қазу (8 шқ), дренаж жүйесін қазу (5,64 шқ) және 11 далалық көпірлерді ауыстыру және арық жүйелерін кеңейту жұмыстары жүргізілді.






