QR кодты сканерлеу арқылы тұрғындар Тараздың тарихи орындары туралы мәлімет ала алады.
Автобустарда аудио-гид жүйесі де жұмыс істейді.
Көлік тарихи нысандардың жанынан өткен кезде аудиогид 3 тілде ақпарат береді.
QR код арқылы:
• тарихи орындар туралы мәлімет
• мекенжайы
• байланыс нөмірі
• билет құны
туралы толық ақпаратты білуге болады.
Жобаға әзірге Әулиеатаның брендіне айналған 10-ға жуық тарихи нысан енгізілген.Мамандардың айтуынша, бұл жоба тұрғындар мен жастарға өз өлкесінің тарихы мен мәдениетін тануға мүмкіндік береді. Айта кетейік, Жамбыл облысында 3500-ге жуық тарихи-мәдени нысан бар. Алдағы уақытта цифрлық жүйені қаладағы барлық 46 автобус бағытына енгізу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, биыл жасанды интеллект арқылы тарихи аңыз кейіпкерлері анимация форматында көрсетіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
БАЛАЛАР САЯСАТЫ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ
- авторZhambylokq
- 27 ақпан, 2026




