2026 жылдың екі айының қорытындысы бойынша республикалық бюджетке түсетін салық түсімдерінің орындалуы
- author Zhambylokq
- Бүгін, 10:23
- 4
2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша республикалық бюджеттің салықтық түсімдері бойынша жоспардың орындалуы 113,7 құрады, бюджетке 2 979,0 млрд. теңге түсті. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 677,5 млрд. теңге немесе 129,4%.
Оң динамика негізгі бюджет құраушы салықтар есебінен қамтамасыз етілді. Корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша өсу қарқыны 116,9% (+118,0 млрд. теңге), Қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша 138,8% (+428,6 млрд. теңге) құрады.
Сонымен қатар, ақпараттық кеңістікте бұрын 2026 жылдың қаңтар айындағы деректерге негізделген сараптамалық бағалаулар пайда болды.
Айта кету керек, мұндай тұжырымдар бюджет кірістері орындалуының нақты көрінісін көрсетпейді, себебі 2025 жылдың 4 тоқсаны үшін бірқатар негізгі төлемдерді төлеу мерзімі 2026 жылғы 25 ақпанға дейін төленеді.
Тиісінше, түсімдердің едәуір бөлігі дәстүрлі түрде ақпан айының қорытындысы бойынша қалыптасады. Нәтижесінде, 1 наурызға ҚҚС бойынша жоспардың орындалуы 119,8%-ды құрайды немесе жоспар 1 281,0 млрд. теңге, нақты түсім 1 534,5 млрд. теңге.
Екі айдың қорытындысы бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуын объективті сипаттайды және кірістердің тұрақты өсуін және алдын ала теріс бағалауға негіздердің жоқтығын растайды.
Нақты деректер салық түсімдерінің оң динамикасын және ағымдағы макроэкономикалық жағдайларға сәйкес келетінін көрсетеді.
ТАРАЗДАҒЫ 100 АВТОБУСҚА QR CODE ОРНАТЫЛДЫ
Ұқсас жаңалықтар
БАЛАЛАР САЯСАТЫ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ
- авторZhambylokq
- 27 ақпан, 2026




