Референдум-2026

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

2026 ЖЫЛЫ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР ҮШІН ЫНТЫМАҚТЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ МӨЛШЕРІ 10% - ҒА АРТТЫ

2026 ЖЫЛЫ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР ҮШІН ЫНТЫМАҚТЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ МӨЛШЕРІ 10% - ҒА АРТТЫ
ашық дерек
Азаматтардың конституциялық кепілдіктерін іске асыруда әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі ерекше орын алады. Мемлекет тарапынан халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында зейнетақы, жәрдемақы және ең төменгі жалақы мөлшерін кезең-кезеңімен көтеру жұмыстары жүргізіліп келеді. Сонымен қатар ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуі де әлеуметтік төлемдердің ұлғаюына оң әсер етуде. Бұл бағыттағы өзгерістердің барлығы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет тарапынан жүзеге асырылып, көптеген қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етуде.

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс бойынша ортақ зейнетақы алушылардың жалпы саны 144 137 адамды, ал базалық зейнетақы алушылардың саны 136 643 адамды құрайды.

2026 жылы зейнетақылар мен жәрдемақылардың барлық түрлерінің мөлшері ұлғайтылды. Жыл басынан бастап қалыптасқан зейнеткерлер үшін ынтымақты зейнетақы мөлшері 10% - ға . Бұл өзгеріс зейнеткерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және олардың табысын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Сонымен қатар зейнетақы төлемдерінің заңдылығын қамтамасыз ету бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, еңбек кітапшаларын бұрмалау және еңбек өтілін жасанды түрде ұлғайту фактілері бойынша 462 іс анықталған. Еңбек өтілінің сәйкестігін тексеру мақсатында департамент тарапынан 1722 электрондық іс макеті қаралған.

Жалпы 2184 тексерілген істің ішінде 1913 зейнетақы алушының еңбек өтілі расталды, ал 17 жағдайда еңбек кітапшаларында жалғандық белгілері анықталды. Осыған байланысты бұл азаматтардың жасына байланысты зейнетақысы тоқтатылып, базалық зейнетақы мөлшері қайта қаралды. Қалған 254 іс қазіргі уақытта қаралу үстінде. Себебі олар бойынша артық төленген қаражатты мемлекет бюджетіне қайтару үшін зейнетақы алушылардың өтініші қажет.

Еңбек өтілі расталмаған 17 алушы бойынша артық төлемнің жалпы сомасы 16 435 883 теңгені құрады. Оның ішінде 12 377 152 теңге толықтай бюджетке қайтарылды, ал қалған 4 058 731 теңге ағымдағы жылдың мамыр айында қайтарылатын болады. Расталмаған еңбек кітапшаларына қатысты іс материалдары құқық қорғау органдарына жолданды.

Сонымен қатар жауынгерлік іс-қимыл ардагерлерінің зейнетақы істерін тексеру жұмыстары да жүргізілуде. 2025 жылғы 25 қарашадағы №105 бұйрыққа сәйкес, департамент, әскери басқару органдары және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалы қызметкерлерінен тұратын арнайы комиссия құрылды.

Тізім бойынша ардагерлердің жалпы саны 2 452 адамды құрады. Оның ішінде 698 адам – Семей ядролық сынақ полигоны, Чернобыль атом электр станциясы және басқа да радиациялық апаттардың қатысушылары, ал 1754 адам – басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының қатысушылары.

Тексерілген істердің нәтижесінде 855 адамның ұрыс қимылдарына қатысу фактісі расталды. Оның ішінде 2 азаматтың Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысу фактісі сот арқылы анықталды, сондай-ақ 1 адам қайтыс болған. Қазіргі уақытта жауынгерлік іс-қимыл ардагерлерінің зейнетақы істерін тексеру жұмыстары әскери басқару органдарымен бірлесіп жалғасып жатыр.

Жалпы алғанда, мемлекет тарапынан зейнетақы жүйесін жетілдіру, әлеуметтік төлемдерді ұлғайту және олардың заңдылығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Бұл шаралар қазақстандық зейнеткерлердің әлеуметтік қорғалуын күшейтіп, олардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар