Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбыл облысы шаруаларының шығынын өтеуге үкімет резервінен 3,7 млрд теңге бөлінеді

Жамбыл облысы шаруаларының шығынын өтеуге үкімет резервінен 3,7 млрд теңге бөлінеді
ашық дереккөзі
Жамбыл облысы шаруаларының шығынын өтеуге үкімет резервінен 3,7 млрд теңге бөлінеді
Өңірде құрғақшылықтың болуына байланысты бес ауданда төтенше жағдай жарияланған болатын. Құрғақшылық салдарынан шығынға батқан Жамбыл облысының шаруаларына қолдау көрсету мақсатында үкімет резервінен 3 756 300 171 теңге қаржы бөлінеді. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған құжат жобасынан белгілі болды. Еске салайық, Қырғызстаннан Қазақстанға келетін су көлемінің қысқаруы егістіктерді қажетті деңгейде суаруға мүмкіндік бермеді. Осыдан туған құрғақшылықтың салдарынан оңтүстік өңірдегі 300-ден астам шаруа миллиардтаған шығынға батты. Мемлекет көмегі, міне, осы шығындарды жабуға бағытталған. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2023 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың нәтижесінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне келтірілген зиянды өтеуге Жамбыл облысының әкімдігіне ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде аудару үшін 3 756 300 171 теңге сомасында қаражат бөлінсін", – делінген құжат жобасында. Қаражат Жамбыл облысының әкімдігіне бөлінеді. Әкімдік өз кезегінде қаражатты жыл соңына дейін игеруі тиіс. Құжат жобасы жария талқылау мерзімі – 23 қыркүйекке дейін.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар