Жаңалықтар
Көптерек ауылының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
- author Zhambylokq
- 4 қазан, 2023
- 31
Көптерек ауылының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Көптерек ауылының аумағы 16 408,8, жалпы аула саны – 379, халық саны – 2405 адам.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, Көптерек ауылы әкімінің аппараты 5 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді.
Жыл басынан 2023 жылдың 1 қазанына дейін АӘК жәрдемақысына 5 отбасының өтініштері қабылданды. 5 отбасы/27 адам (шартты-4 отбасы/24 адамға, шартсыз- 1 отбасы /3 адамға) тағайындалып, 849 мың 150 теңге толығымен төленді.
Көлік салықтарының жоспары – 7 699 000 теңге болса, орындалуы - 3 950 299 теңге, жеке кәсіпкерлік салығы жоспар – 350 000 теңге, орындалуы 779 720 теңге, мүлік салықтары жоспар – 386 000 теңге, орындалуы – 394 719 теңге, жер салығы - 4 000 теңге, орындалғаны – 5 127 теңге, бірыңғай жер салығы жоспары – 70 000 теңге, орындалуы 118 561 теңге, жер сатудан – 200 000 теңге, орындалуы – 882 261 теңгені құрап отыр. Барлық салық бойынша көрсеткіш 64 пайызды құрайды. Салынған айыппұл - 1, сомасы 34 500 теңге.
Ауылдың жер көлемі, барлығы 16 408,8 га егістік жер бар болса, оның 32 424,4 га суармалы жер, 828,4 га тәлімі жер. 2023 жылы 117 шаруа қожалығы тіркеліп, егін және мал шаруашылығымен айналысуда.
Егін шаруашылығы бойынша 2023 жылға арпа – 605 гектарға, күздік бидай - 550 гектарға, бақша – 40 гектарға, картоп – 5 гектарға, майлы дақылдар – 50 гектарға, көп жылдық шөп – 180 гектарға, көкөніс 9 гектарға, картоп 5 гектарға егіліп, тиісті өнімдер алынуда.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша ірі қара мал 2304 бас (+172), қой-ешкі 30 704 бас (+2604), жылқы 1 282 бас (+222), құстар 11 540 бас (+ 3888) артып отыр.
Көптерек ауылында №3 орта мектебі және «Айгүл» бөбекжай бақшасы, ыңғайластырылған клуб жұмыс істейді. Кітапханада цифрландырылған ақпараттық орталық тұрғындарға тұрақты қызмет көрсетуде.
2022 жылы шағын футбол алаңы және стиртворкаунт салынып, қолданысқа берілді. Спорттық нысан - 8, онда спортпен шұғылданушылардың саны 969 (40%) құрайды. Спорттық үйірмелер саны – 3 (волейбол, тоғыз құмалақ, бокс).
2023 жылы тіркелген қылмыс - 2, ашылмаған - 2, оның ішінде, мал ұрлығы – 2. Құқық бұзушылық пен мал ұрлығының алдын алу үшін Кеңес ауылында 5 бейне бақылау камерасы орнатылған.
2023 жылы тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасы Маделиева Раяға «Асарлатып үй салу» жобасы аясында үй салынып, қолданысқа берілді.
Ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі
«Ауыл аманаты» жобасы бойынша
Жоба аясында, ауылдық округ бойынша 142 азаматқа жалпы құны 1 млрд. 8 млн. теңге несие алу жоспарланған.
1 бағыт: «Үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану» бойынша округтегі 347 аула (жер көлемі 87 га), яғни 92% қамтылады. Аталған бағыт бойынша жалпы 196 мың теңге қаражат игеру жоспарлануда. Айналым қаражатына кепілдікке жеке тұрғын үй қойылды.
2 бағыт: «Ауладағы мал шаруашылығын тиімді пайдалану» бойынша 142 азамат 1 млрд. 8 млн. 445 мың теңгеге 3 229 бас әр түрлі мал сатып алу жоспарлануда.
Бүгінгі күнге, жалпы сомасы 1 млрд. 206 млн. теңгені құрайтын 191 азаматтың құжаттары, «Тараз» ӘКК-ға өткізілді. Оның ішінде, 152 азаматтың құжаттары мақұлданып, 126 азаматқа несие беріліп, олардың есеп шотына 719 млн. теңге қаражат аударылды.
Бүгінгі күнге, 201 бас МІҚ, 2 181 бас қой, 302 бас жылқы, барлығы 2 684 бас мал сатып алынды.
3 бағыт: «Тұрғындардын ауыл сыртындагы жерін тиімді пайдалану» бойынша, жалпы жер үлестерімен біріктірілген 161 гектар егістік жер («Шилі-қарын», «Ақтан-П», «Асылбек» ш/қ). Егістік жерлерге бидай, арпа, мақсары, көпжылдық шөп, жүгері дақылдарын егу жоспарлануда. Аталған бағыт бойынша айналым қаражатына 13 млн. 804 мың теңге қажет. Айналым қаражатына кепілдікке жеке тұрғын үй қойылуда.
4 бағыт: «Кооперативтерді жабдықтау және (немес) құру» бойынша азамат Келимбетов Коблан «Кеңес-23» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін құрып, 06.04.2023 жылы Әділет басқармасына тіркелді. Бүгінгі күнге жалпы сомасы 151 млн. теңге құрайтын 24 дана ауыл шаруашылығы техникаларына өтінім берілді.
5 бағыт: «Тұрғындардың жеке кәсібін ашу» бойынша 5 азаматқа жалпы құны 28 млн. теңге несие алу жоспарланған. Бүгінгі күнге қаражаттың банк жүйесінде екінші тұлғаға аударғанда қиындықтар туындауына байланысты, 4 жоба іске асырылатын болады (шаштараз, спорт кешені, асхана және көлік жуу).
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛДА 263 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
- авторZhambylokq
- 26 желтоқсан, 2024