Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Кеңес ауылдық округінің әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштері

Кеңес ауылдық округінің әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштері
ашық дереккөзі
Кеңес ауылдық округінің әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштері
   Округ бойынша 2  елді  мекен, 211 аула  бар, онда  1741 адам  тұрады. Ауыз су, табиғи газ  жүйесі қосылған. Құқық бұзушылық бойынша соңғы 5 жылда ешқандай қылмыс түрі тіркелмеген. Учаскелік инспектор бар және тұрғылықты ауылда тұрады. Қызметтік көлікпен қамтамассыз етілген. Президент бастамасы аясында Тұрғындармен кері байланыс орнатылған. Округ әкімшілігінің инстаграм және фейсбук, whats app желілері тұрғындарға 24/7 режимінде ақпарат алмасып отыр. Ауылдық округ бойынша барлық жер көлемі – 133 000 га. Оның ішінде егістік жер – 250 га ,ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер– 128 723 га жер телімі  тіркелген. Ауыл тұрғындарының шаруашылықтағы бағыты мал шаруашылығы. Ауылдық округтегі 2023 жылдың 1-тамызында мал басы: МІҚ малы 1 856 бас, қой-ешкі 23 500 бас, жылқы 1047 бас, үй құстары 717  бас. Жалпы мал басы санында өсім бар. Ауылдық округ бойынша жалпы тіркелген 42 шаруа қожалық бар. Оның ішінде 19 шаруа қожалық заңды жұмыс атқаруда. Қалған 23 шаруа қожалық иелерімен және округ аумағынан басқа жерге қоныс аударғандаруына байланысты қожалықтарды жауып, тиесілі жерлерін қайта айналымға қосу жұмыстары жүргізілуде. Шаруа қожалық басшылары мен ауыл тұрғындары арасында түсіністік орнаған. Ауыл тұрғындарының малын жаюға арналған жайылым жерлерден  мәселе жоқ. 7 қожалық иелері мен округ әкімшілігі арасында  кедергісіз мал жаю бойынша  меморандум жасалған. Сонымен қатар, ауылдық округте  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на 3 шаруа қожалық мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, 17,0 млн. теңге несие алынды. Округте «ҚАЛИ» шаруа қожалығы  МІҚ мал басын асылдандыру жұмыстарымен, 6 шаруа қожалық уақ  малының селекциялық асылдандыру жұмыстарын жүргізуді қолға алып, мал басын көбейтумен айналысуда.Аталған қожалықтар мен ауыл тұрғындары тұрақты түрде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне ет өнімдерін ұсынады. Ендігі мәселе мал басын асылдандыру. Былтырғы жылы 6 шаруа қожалық айналысса, биылғы жылы тағы 5 шаруа қожалық мал басын асылдандыру жұмыстарын қолға алып отыр. Құжаттары түгелденіп субсидия алуға өткізілді. Асыл тұқымды қошқар, бұқа сатып алынғаны үшін 6 шаруа қожалыққа 7 200,0 мың теңге субсидия төленетін болады. Жыл соңына дейін қалғат қаражат беріледі деген жоспар бар. Жұмыс істемей тұрған қожалықтардың жерлерінің есебінен 4 жаңа қожалықтар құрылмақ. Қазіргі таңда тіркеу жұмыстары жүруде. Тіркеу жұмыстары аяқталғанда округтегі мал басы 325 бас МІҚ, 4 500 бас қой басына артпақ.  Биылғы жылы шет мемлекетке ет экспорттауға ІЛЕС ШҚ қызығушылық танытып 420 бас қозыны жөнелткелі отыр. Қазіргі таңда құжаттары рәсімделуде. Лизингке техника алу бойынша 2 (екі) шаруа қожалық (Қуаныш, Ноғай) ниет білдіріп құжаттарын рәсімдеді. Жайылымды Суландыру бағдарламасына биыл 8 ШҚ ниет білдіріп су ұңғымаларын қаздырды. 2023 жылы Инвестициялық салымдарды субсидиялау көлемі 70 млн теңге болады деген жоспарымыз бар. Былтырғы жылы бұл көрсеткіш 34 млн теңгені құраған болатын. 2023 жылға Жыл басынан бері 3 шаруа қожалық мал шаруашылығын дамыту үшін 17 млн теңге рәсімдеді. «Бизнес бастау» жобасы (жобалық құны 11 млн) бойынша 6 азаматтың құжаттары толық рәсімделіп, тек қаржыландыруды күтіп отыр. Сонымен қатар қайтарымсыз грант алуға 9,5 млн. теңгені құрайтын 8 жоба (жылыжай-1 жоба, МІҚ малын асылдандыруға бұқа алу-3 жоба,жөндеу орталығын ашу- 1 жоба,нан цехын ашу-1 жоба, кіші мал бордақылау алаңшасы-2 жоба) дайын. Қаржыландыруды күтуде. Бүгінгі таңда ауылдық округте тәулігіне 500 дана нан шығаратын цех жұмысын бастап, тұрғындарды нанмен қамтамассыз етуде. Қалған жобалар қаржыланған жағдайда 6 азамат тұрақты жұмыспен қамтылады. Округте 1 жылыжай тұрақты жұмысын атқарып келеді. «Жомарт түлек» бағдарламасы да жылдан жылға жақсы нәтижелер беруде: Атап айтар болсақ 2022-2023 жылдары 2 балалар алаңы, стелла, Көкпар спортына арналған шартақ, Мектеп ауласы мен орталық саябақ іші абаттандырылды, Шағын футбол алаңы абаттандырылып, ұңғыма қазылды, екі тұрғын табиғи газ жүйесіне қосылды, Батырлар алаңы мен Дәрігерлік пунктке дербес ұңғыма қазылып, су жүйесі жасалынды. 2022-2023 жылы жасалған жобаның құны 30 млн асады.    
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар