Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Қатты және сұйық отынмен жанатын пештерде, жылыту жүйелерінде жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау.Ұлы газдан уланудың алдын алу. 2023-2024 жж. жылыту маусымына дайындық, табиғи газды қауіпсіз пайдалану жөніндегі іс-шаралар

Қатты және сұйық отынмен жанатын пештерде, жылыту жүйелерінде жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау.Ұлы газдан уланудың  алдын алу. 2023-2024 жж. жылыту маусымына дайындық, табиғи газды қауіпсіз пайдалану жөніндегі іс-шаралар
ашық дереккөзі
Қатты және сұйық отынмен жанатын пештерде, жылыту жүйелерінде жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау.Ұлы газдан уланудың алдын алу. 2023-2024 жж. жылыту маусымына дайындық, табиғи газды қауіпсіз пайдалану жөніндегі іс-шаралар
Өткен жылыту маусымында (2022 ж. 15 қазаны мен 2023ж. 15 сәуірі) тұрғын үй секторында 233 өрт тіркелді (2021-2022 жж. -184), 6 адам қаза болды (2021-2022 жж. -5), 5 адам жарақат алды (2021-2022 жж. -5). Материалдық шығын 23 млн. 613 мың теңгені құрады (2021-2022 жж. -13 млн. 840 мың). Улы газдан 4 адам қаза болды (2021-2022 жж. -2), 23 адам жарақат алды (2021-2022 жж. -8). Ағымдағы жылдың 9 айы ішінде жалпы облыс аумағында 611 өрт тіркелді  (2022 ж.-546), оның салдарынан  15 адам қаза тапты (2022 ж. -4), 14 адам жарақат алды (2022 ж. -6).  Материалдық шығын 159 млн.83 мың теңгені құрады (2022 ж. -95 млн. 170 мың теңге). 2022 жылмен салыстырғанда өрттердің саны 12% - ға, өрттерде адамдардың қаза болуы 4 есеге және жарақат алғандар саны 2 есеге көбейді.  Өрттің басым бөлігі тұрғын үй секторында немесе жалпы өрт санының 70% (16 % өскен), және автокөлік құралдарында орын алған немесе 23% (12 % өскен) құруда. Жергілікті атқарушы органдардың ақпараттарына сәйкес облыс бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарының 5219 тұрғын үйлері есепке алынды (2022 -2023 гг- 6288). Жергілікті атқарушы органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен өткен жылыту маусымында тұрғын үйлерде 4202 датчик орнатылды, оның ішінде 2705- табиғи газ, 1097 –улы газ және 400 түтін датчиктері. Тараз қаласы мен аудан әкімдері тарапынан аз қамтылған отбасылардың 105 жеке тұрғын үйлеріндегі жылыту пештеріне жөндеу, 98 тұрғын үйдің жарамсыз электр сымдарын ауыстыру және 11 тұрғын үйдегі мұржаларды тазарту жұмыстары жүргізілді. Жыл басынан бері тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдар, Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, жергілікті полиция қызметінің өкілдерімен және волонтерлермен, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ЖӨФ өкілдерімен бірлесіп 446 мыңнан астам аулаларды аралап (2022 ж.. – 278 мың), 2701 жиын өткізді (2022 ж.. - 2695), оның барысында 667 мыңға жуық адамға нұсқау берілді (2022 ж. – 603 мың). 670 мыңнан астам жадынамалар таратылды (2022 ж.. – 603 мың). Оқушыларға өрт қауіпсіздігі талаптарын және өрт кезінде ғимараттан қауіпсіз эвакуациялау дағдыларын үйрету мақсатында білім беру объектілерінде 310 жаттығу (2022 ж.. -185), 682 интерактивті сабақ (2022 ж.. - 680), 625 ашық сабақ (2022 ж.. - 609), 380 конкурс пен викторина өткізілді және өрт сөндіру бөлімдеріне 44 экскурсия (2022 ж.. - 39), «Ашық есік күні» тақырыбында 168 іс-шара (2022 ж.. - 158) ұйымдастырылды, жалпы аталған іс-шаралар барысында 109347 оқушыларға (2022 ж. -81798) нұсқаулық берілді. Қазіргі таңда Жамбыл облысы бойынша 371 елді мекен бар. Оның 269-ы газдандырылған (73%). Жылдың басынан бері 3 елді-мекен газ желісіне қосылды. Жыл соңына дейін 10 елді-мекен газ желісіне қосу жоспарлануда. Аймақта 2022-2023 жылғы,  жылыту кезеңіндегі келіп түскен жазатайым оқиғалардың саны 69, зардап шеккен 172 адам, оның ішінде өлім жағдайымен 9 адам тіркелді. Жамбыл облысы бойынша газ тарату станцияларына қысқы күзгі дайындық жұмыстары толықтай жүргізіліп, бүгінгі таңда толықтай қайта газбен қамтамасыз етілді. Облыс бойынша атқарылған жұмыстар 100 % - ды құрайды. 2023-2024 жылғы жылыту маусымында тұрғындарды үздіксіз тауарлық газбен қамтамасыз ету мақсатында қысқы күзгі дайындық жұмыстары толықтай аяқталды және де қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында ескертпе қағаздар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.      
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар