Жыл басынан бері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 393 мыңға жуық адам қамтылды
2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 393,4 мың қазақстандық қатысты. 293,5 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 143,6 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.











