Мемлекеттік бюджеттен алғашқы жәрдемақы баланың туылуына байланысты төленеді. Алғашқы үш балаға бір мезгілде 38 айлық есептік көрсеткіш төленеді. Теңгеге шаққанда 140 296 теңгені құрайды. Төртінші және одан кейінгі балалардың тууына - 63 айлық есептік көрсеткіш яғни 232 596 теңге.
Осы төлеммен бірге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын (жұмыс істемейтін) әйелдерге бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы беріледі. Оның мөлшері балалардың саны мен айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне де байланысты.
Бірінші балаға айына 5,76 айлық есептік көрсеткіш қойылды - 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл 21276 теңге. Екіншісіне - 6,81 айлық есептік көрсеткіш - 25143 теңге, үшіншісіне - 7,85 айлық есептік көрсеткіш - 28983 теңге, төртіншісіне және одан кейінгі балаларға - 8,9 айлық есептік көрсеткіш - 32859 теңге.
Республикалық бюджеттен көрсетілетін әлеуметтік төлемдер
Ұқсас жаңалықтар
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
- авторZhambylokq
- 9 қаңтар, 2025