Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Республикалық бюджеттен көрсетілетін әлеуметтік төлемдер

Республикалық бюджеттен көрсетілетін әлеуметтік төлемдер
ашық
Азаматтардың конституциялық кепілдіктерін іске асыруда әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі ерекше орын алады. Зейнетақыны, жәрдемақыны және ең төменгі жалақыны арттыру, ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуі, мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет іске асыратын осы және басқа да өзгерістер көптеген қазақстандықтарға әсер етеді.

Зейнетақыны, жәрдемақыны және ең төменгі жалақыны арттыру, ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуі, мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет іске асыратын осы және басқа да өзгерістер көптеген қазақстандықтарға әсер етеді.

2024 жылы зейнетақылар мен жәрдемақылардың барлық түрлерінің мөлшері ұлғайтылды.

Жыл басынан бері қалыптасқан зейнеткерлер үшін ынтымақты зейнетақы мөлшері 9% - ға артты.

Ағымдағы жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 57853 теңгені құрайды.

Базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің жыл сайынғы өсуін ескере отырып өсті.

2024 жылы базалық зейнетақының ең жоғары мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100%, немесе 43407 теңгені құрайды.

2024 жылы айлық есептік көрсеткіш ұлғайып, 3692 теңгені құрады. Оның көрсеткіші жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа төлемдерді қолдану үшін қолданылады.

Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында 55 жастан бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейін зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін қызметкерлерге арнайы әлеуметтік төлем енгізуді тапсырды.

Арнаулы әлеуметтік төлемдерді енгізу зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдар үшін олар 55 жасқа толғанда және кемінде 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу фактісі болған кезде көзделген.

2023 жылы Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу ережелерінің қабылдануына байланысты оны алу құқығын жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарының балалары да алды.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар