ҚОРДАЙДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА-ЛОГИСТИКАЛЫҚ КЕШЕН БОЙ КӨТЕРДІ
Жамбыл облысының Қордай ауданында жалпы құны 200 миллион долларды құрайтын заманауи индустриялық сауда-логистикалық кешен салынады. Жоба Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасып, аймақаралық сауда мен өндірістің жаңа орталығына айналмақ.