Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ҚОРДАЙДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА-ЛОГИСТИКАЛЫҚ КЕШЕН БОЙ КӨТЕРДІ

ҚОРДАЙДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА-ЛОГИСТИКАЛЫҚ КЕШЕН БОЙ КӨТЕРДІ
ашық
Жамбыл облысының Қордай ауданында жалпы құны 200 миллион долларды құрайтын заманауи индустриялық сауда-логистикалық кешен салынады. Жоба Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасып, аймақаралық сауда мен өндірістің жаңа орталығына айналмақ.

Кешен үш аймақтан тұрады:
• 🇰🇿 Zone A – 100 га индустриялық аймақ (кабель, фармацевтика, бетон, күн панельдері, PET қайта өңдеу, балалар тағамы т.б. өндірістер);
• 🇰🇿 Zone B – 65 га сауда-логистикалық аймақ (қоймалар, қонақүй, медорталық, көрме және сервис орталықтары);
• 🇰🇬 Zone C – 64 га шекара маңы аймағы (кеден қоймалары, open market, қонақүй).

🔹 2025 жылдың соңында құрылыс басталып, алғашқы кезең 2026 жылы пайдалануға беріледі.
🔹 Жалпы аумақтың көлемі — 700 мың шаршы метр.
🔹 2028 жылға қарай 5 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

Бұл жоба өңірдің экономикалық әлеуетін арттырып, Қордайды Орталық Азияның маңызды логистикалық және өндірістік хабына айналдыруды көздейді.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар