Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Қордай ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштер

Қордай ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштер
ашық ақпарат
Қордай ауданының әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштерінің 2024 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша:

( Өнеркәсіп 4,9 млрд. теңгені құрап, индекс көлемі 100,8 пайызға орындалды,

- Инвестиция 11,9 млрд. теңгені құрап,  индекс көлемі 159,4 пайызға орындалды,

- Құрылыс көлемі 1,3 млрд. теңгені құрап,  индекс көлемі 138,3 пайызға орындалды ,

- Пайдалануға берілген тұрғын үйлер 12,3 мың шаршы метірді құрап, индекс көлемі 111,1 пайызға орындалды,

- Бөлшек сауда айналымының көлемі 9,3 млрд. теңгені құрап, индекс көлемі 106,4 пайызға орындалды,

- Көтерме сауда айналымының көлемі 2,7 млрд. теңгені құрап, индекс көлемі 101,4 пайызға орындалды,

- Ауыл шаруашылығы 8,4 млрд. теңгені құрап,  индекс көлемі 102,3 пайызға орындалды.)

Қаңтар-наурыз айларының қорытындысымен бюджеттік қаражаттар 99,9 пайызға игерілді, үнемделген қаражат қалдығы 1,5 млн. теңгені құрады.

Жыл қорытындысымен аудан тұрғындарының  қолданысына Мемлекет тарапынан аудандық Мұрағат, халыққа қызмет көрсету орталығы, 2 спорт кешені (Аухатты, Қарасу), 2 Мәдениет үйі, (Қарасу, Бетқайнар), 2 медициналық нысан (Сұлутөр, Аңырақай), 2 ауыз су құбырлары (Ноғайбай, Қарасу) толығымен аяқталып қолданысқа берілді.

Сонымен қатар 51,2 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 3 елді мекенде (Ноғайбай, Сарыбастау, Шарбақты) жалпы 52,6 шақырым газ құбыры салынып, 2 520 тұрғын, 614 аула газбен қамтамасыз етілді.

Аудандағы 41 елді мекеннің 37-і газбен қамтылған немесе   83 пайызды құрап отыр.

Кәзіргі таңда 3 елді мекенге магистралды газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Қарасай, Еңбек ауылдары мамыр айының соңына дейін ал Керу ауылы шілде айында аяқталуы жоспарлануда.

Сондай ақ, Гвардейск қалашығын газбен жабдықтау үшін жобалық сметалық құжаттама әзірленді (ЖСҚ 1-ші кезең - 613,2 млн. тг., 2-ші кезең - 966,3 млн. тг.), ал Бәйтерек, Бел, Мұзбел, Аңырақай ауылдары бойынша сметалық құжаттамалары әзірленуде.

Жоспар бойынша 2025 жылға дейін ауданның барлық елді мекендері 100 пайыз табиғи газбен қамтылады.

Мемлекет тарапынан аудан тұрғындарының пайдалуына жалпы 240 пәтер қолданысқа берілді, ағымдағы жылдың соңына дейін қосымша 236 пәтердің кілттері тапсырылатын болады.

Сонымен қатар «Асар» жобасы аясында 15 тұрғын үй ауданның мұқтаж отбасыларына демеушілер тарапынан салынып қолданысқа берілді.

Жер мәселесіне келетін болсақ игерілмеген жерлерді қайтару бойынша 2023 жылға 15 000 га қайтару жоспарланып,     15 064 га мемлекеттік жер қорына қайтарылды (жылдық жоспар 100,4 пайызға орындалды). 2024 жылға Жамбыл облысы әкімдігінің Жер қатынастары басқармасы аудан бойынша  6000 га бекітілген, қазіргі күнге 590 га жер мемлекеттік меншігіне қайтарылды, осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

 «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында 715,1 млн. теңгеге                     9 нысанның (ауылішілік жолдар) мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп, мердігерлер анықталды.

Ауданда жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарға тоқталатын болсам, жалпы 26 нысан өтпелі, 4 нысан биыл жаңа құрылысын бастайтын болады.

2024 жылға инвестициялық жаңа жобалар әзірленді:

«Central Asia Gold Production» ЖШС - құрамында алтын бар кенді бастапқы қайта өңдеу бойынша өндірістік кешенінің құрылысы, «Бай Нұр» ЖШС - жылына 5,8 мың тонна қуаттылығымен (1500 бас ІҚМ) сүт фермасының құрылысы, «Куленов» ШҚ - жылына 2,2 мың тонна қуаттылығымен (200 бас ІҚМ) сүт фермасының құрылысы және «Қалдыбай тегі» ШҚ - жылына 2,5 мың тонна қуаттылығымен көкеніс қоймасының құрылысы, «Gold Invest Capital» ЖШС - мыс өндіру заутының құрылысы, «Insider group» ЖШС - жел электр қуатын өндіретін жел паркінің құрылысы жоспарланып отыр.

Индустриалдық картадан тыс іске асып жатқан жобаның бірі - жоспарға сәйкес жыл соңына дейін «KORCEM» ЖШС-нің цемент зауыты пилоттық жұмысын бастайтын болады, келесі жылға инвестициялық келісімге сәйкес ауданда 600-ге жуық тұрақты жұмыс орын құрылады. Қәзіргі таңда ауданның жұмыспен қамту бөлімі, ауданның қоғамдық ұйымдарымен және зауыт басшыларымен бірге зауытқа қажетті мамандармен жұмысшылардың жасағы басталды.

Мемлекет басшысының 2025 жылға дейін Қазақстанның барлық елді мекендерін 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамту тапсырмасы бойынша аудан әкімдігі тарапынан 7,5 млрд. теңгеге 9 ауыз су құбыры немесе су желілерінің құрылыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, 12 елді мекенді таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу үшін 622,5 млн. теңгеге жобалаушы мекемелермен келісім шарттар жасалды. Қазіргі таңда Гвардейск қалашығы бойынша сметалық-құжаттары рәсімделіп, энергетика басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды. Ал 11 елді мекен бойынша жобалары сараптама қорытындысын алуға тапсырылды

 

Ұлттық жоба аясында атқарылып жатқан шаралар:

Қордай ауданы бойынша 26 269 аула тіркелген. Экономикалық белсенді 73 923  халықтың 70 588-ы жұмыспен қамтылған. Атап айтқанда: жалдамалы қызметкерлер саны –      34 529 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны – 36 059 адамды құрады.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанына Ұлттық жоба аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 1707 адам тартылды, жылдық жоспар 6173 адам (27,6% орындалды), 1530 адам жұмысқа орналастырылды, жылдық жоспар 4837 адам (31,6% орындалды), оның ішінде  585 адам тұрақты жұмыс орындарына орналасты, жылдық жоспар 3300 адам (17,7%-ға орындалды) .

Жыл басынан «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 65 азамат оқуын аяқтады, жылдық жоспар 897 адам (7,2 % орындалды).

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алуға Қордай ауданына 95 азаматқа жалпы сомасы 140,3 млн теңге қаражат бөлінді. 

«Ауыл аманаты» жобасы аясында 5 ауылдық округта (Кенен, Қаракемер, Қарасу, Сарыбұлақ, Қақпатас) 411 тұрғынға 2,3 млрд. теңге 2,5 пайызбен несие беру жоспарланған. Бүгінгі күнге 303 тұрғын (73,7%) жалпы 1,8 млрд теңге (78,3%) несиелерін алып жұмыстарын бастады. Қалған 108 тұрғынның құжаттары тапсырылып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

 

 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар