Сотталғандардың құрылымына талдау көрсеткендей, 640 адам (43,5%) бас бостандығынан айыру жазасына тартылған. Бұл көрсеткіш республикалық орташа деңгейден (41,4%) жоғары. Ал 659 адам (44,8%) бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түрлеріне сотталған. Сонымен қатар 132 адамға (9%) шартты жаза тағайындалып, 12 адам (0,8%) жазадан босатылған.
Бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандардың ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың үлесі басым. Атап айтқанда, аса ауыр қылмыстар бойынша – 74 адам, ауыр қылмыстар бойынша – 406 адам, ауырлығы орташа қылмыстар бойынша – 89 адам, ал онша ауыр емес қылмыстар бойынша – 71 адам сотталған.
Онша ауыр емес қылмыстар үшін сотталғандардың салыстырмалы түрде жоғары болуы негізінен ҚР шекарасын заңсыз кесіп өткен шетел азаматтары мен көлік құралын басқару кезінде жол жүрісі қағидаларын абайсызда бұзып, адам өліміне әкеп соққан істерге байланысты. Мәселен, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін (ҚК-нің 392-бабы) сотталған 50 адамның 38-іне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сондай-ақ ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотталған 28 адамның 27-сіне дәл осы жаза түрі қолданылған.
Ұқсас жаңалықтар
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ҚАНДАЙ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖЕҢІЛДЕТТІ?
- авторZhambylokq
- 22 қаңтар, 2026
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
- авторZhambylokq
- 22 қаңтар, 2026




