Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жылыту маусымына бюджеттік ұйымдар мен тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету мәселелері

Жылыту маусымына бюджеттік ұйымдар мен тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету мәселелері
ашық дерек
Алдағы 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына орай бюджеттік ұйымдардың автономды қазандықтары мен облыс тұрғындарына жоспарланған көмір көлемі 206,1 мың тоннаны құрайды, бүгінгі күнге 83,3 мың тоннасы жеткізілді (40,5%).

Оның ішінде:

- Бюджеттік ұйымдарға жалпы жоспарланған 61,3 мың тонна көмірдің 43,5 (71%) мың тоннасы сатып алынып, автономды қазандықтар көмір отынымен қамтылды. Қалған 17,8 мың тонна көмір осы айдың аяғына дейін жеткізіледі.

Атап айтсақ, білім нысандарына 36,7 мың тонна, денсаулық сақтау нысандарына 3,2 мың тонна, мәдениет нысандарына 2,7 мың тонна, спорт нысандарына 880 тонна көмір жеткізілді.

- Облыс тұрғындары үшін жылыту маусымына 144,8 мың тонна көмір жоспарланып, жеткізу кестесі әзірленген.

Өткен жылмен салыстырғанда (149,7 мың тн) облыстың көмір тұтыну көлемі 5,1 мың тоннаға төмендеді. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы газдандырылған 11 елді мекенмен қалыптасып отыр.

Облыста жалпы 31 нарық субъектісі көмір сатумен айналысады, оның 24-сі өңірлік операторлар болып табылады.

Бүгінгі таңда көмір тұйықтарында 8,5 мың тоннаға жуық көмір бар, оның ішінде Тараз қаласында 3,7 мың тонна көмір жиналған.

Шұбаркөл, Қаражыра маркалы көмірлердің бағасы сортына қарай 17 – 22,5 мың теңгені құрап отыр, елді мекендерге дейінгі ара-қашықтығын ескерсек, жеткізу құны шамамен 21 - 26 мың теңгеге дейін барады.

Байзақ, Жамбыл, Мойынқұм аудандарында көмір сатумен айналысатын, теміржол тұйықтары бар нарық субъектілері жоқ. Бұл өңірлердің тұрғындары Тараз және Шу қалаларынан көмір сатып алады.

Жалпы, алдағы 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына бюджеттік ұйымдар мен тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету мәселесі тұрақты бақылауда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар