Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Аймақта 300-ге жуық заңды өкіл мен ересектер жауапқа тартылды

Аймақта 300-ге жуық заңды өкіл мен ересектер жауапқа тартылды
ашық дереккөзі
Аймақта 300-ге жуық заңды өкіл мен ересектер жауапқа тартылды
Жамбыл облысының аумағында полиция қызметкерлері “Мектеп” ЖПІШ шеңберінде күзгі демалыс кезінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жазатайым оқиғалар мен өзге де оқиғалардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешенін өткізіп жатыр. Тәртіп сақшылары балаларға тұрмыстағы және қоғамдық орындар мен көпшілік демалатын орындардағы тиісті мінез-құлық, қауіпсіздік ережелері туралы, сондай-ақ өздерінің жеке заттарының сақталуына жауапкершілікпен қарау туралы айтты. Мұның барлығын полиция қызметкерлері статистикалық мәліметтермен және балалардың қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан орын алып жататын тұрмыстық мысалдармен түсіндірді. Дүниежүзілік интернет желісіндегі қауіптерге де ерекше назар аударылады. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлары жасөспірімдерге әртүрлі күмәнді жобаларға қатысуды ұсынатын белгісіз пайдаланушылармен хат алмасуға болмайтынын ескертті.  Сонымен қатар балаларға жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігін, сондай-ақ роликтер мен велосипедтерді тебу кезінде арнайы бас киімдерді кию керектігін айтты. Облыста кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларға қатысты құқыққа қарсы қол сұғушылықтарға жол бермеуге бағытталған мобильді топтардың жұмысы күшейтілді. Демалыс басталғаннан бері полиция бөлімдеріне 200-ден астам кәмелетке толмағандар жеткізілді, 290 заңды өкілдер мен ересектер жауапқа тартылды. – Мектеп демалысы кезінде балалардың бос уақыты көбірек болады және көбінесе өз істерімен айналысады. Баланың немен айналысатынын, уақытын қайда өткізетінін, кіммен сөйлесетінін білу ата-аналар үшін маңызды. Балалардың мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударуға кеңес беремін, өйткені олар ересектерге өз мәселелері туралы дер кезінде айта бермейді, – деді Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Қалышев.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар