Мерейлі отбасына құрмет көрсетілді
Жамбыл облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшылары мерейлі отбасын мерекемен құттықтады.
25 қазан - елдігіміздің еңселі мерекесі «Республика күнін» мерекелеуге байланысты Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы әділет подполковнигі Жәнібек Қосжановтың бастауымен, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекеме бастығы әділет полковнигі Руслан Уразметовпен бірге, осы мекемеде қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген қызметкер, әділет капитаны Бақытжан Таңсықұлдың анасы Аягөз Нұрпейсованы құттықтап қайтты. Аягөз Нұрпейсова Жамбыл облысындағы Қарабастау ауылының Қ.Қошмамбетов атындағы №3 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымында қызмет атқарады. Мекеме басшыларына Аягөз ханымды құттықтау сол мектеп ордасында бұйырды. ҚАЖ департаменті бастығы әділет подполковнигі Жәнібек Қосжанов ұлына сапалы білім беріп, үлгілі етіп тәрбиелегені үшін зор денсаулық, сәттілік пен жетістік тілей келе мектеп ұжымына да жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы еңбектеріне табыс, шығармашылық жетістіктер, саламатты денсаулық тіледі. Сөз соңында Аягөз Нұрпейсоваға алғыс хатын тапсырып, сыйлықтар сыйланды. Еліміздің іргесі берік, аспаны ашық, ынтымағы бекем болғай!
Келесі мақала
Нан бағасы 20 теңгеге қымбаттады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛДА 263 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
- авторZhambylokq
- 26 желтоқсан, 2024