Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбыл облысында екі аудан әкімдерінің сайлауы өтуде

Жамбыл облысында екі аудан әкімдерінің сайлауы өтуде
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында екі аудан әкімдерінің сайлауы өтуде
Жамбыл облысында Жуалы және Тұрар Рысқұлов аудандарында аудан әкімдерінің сайлауы өтуде. Сайланатын әкімнің өкілеттік мерзімі – 4 жыл. Бір адам қатарынан екі реттен артық аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі болып сайлана алмайды. Сонымен қатар аудан және облыстық маңызы бар қала мәслихаттарына мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша әкімге өз міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда сенімсіздік білдіру туралы мәселені қарау жөніндегі өкілеттіктер беріледі. Бұл жағдайда мәслихат депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен әкімге сенімсіздік білдіруге және жоғары тұрған әкімнің алдына оны қызметтен босату туралы мәселе қоюға құқылы. Бүгінде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері мәслихаттың келісімімен облыс әкімі тағайындайтын саяси қызметшілер болып саналады. Жалпы, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің тікелей сайлауын енгізуге 2021 жылы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу ықпал етті.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар