Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Бүгін еліміздің барлық аймағында қар жауып, аяз күшейеді

Бүгін еліміздің барлық аймағында қар жауып, аяз күшейеді
ашық дереккөзі
Бүгін еліміздің барлық аймағында қар жауып, аяз күшейеді
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында желдің күші — 15-20 м/с. Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпін — 15-20 м/с күтіледі. Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні — 15-20 м/с. Күндіз ауа температурасы 11-16, облыстың таулы аудандарында 2-7 жылыдан 3 градус аязға дейін, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 6-11 градус аязға дейін күрт төмендейді. Алматы қаласында күндіз ауа температурасы 14-16 градус жылыдан 1 градус аяз — 1 градус жылыға дейін күрт суытады. Ақмола облысының оңтүстік-шығысында — көктайғақ, жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында желдің күші — 15-20 м/с. Шымкентте таңертең тұман түседі. Қостанай облысының солтүстігінде күн тұманды. Облыстың шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде — жаяу бұрқасын, көктайғақ. Павлодар облысының батысында, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде — жаяу бұрқасын, көктайғақ. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында — жаяу бұрқасын, көктайғақ. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында — 15-20, түнде — 25 м/с. Жетісу облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші — 23-28 м/с дейін. Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан соққан желдің қарқыны 30 м/с асады. 8 желтоқсанда Жамбыл облысының таулы аудандарында, 9 желтоқсан түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты қар жауып, бұрқасын көтеріледі. 7-9 желтоқсанда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Түнде және таңертең таулы аудандарда, 8-9 желтоқсанда тәулік бойы өңірдің оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. 7-9 желтоқсанда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел екпіні — 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында — жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар