Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жалақы төмен, баспана үшін төленбейді – құтқарушылар жұмыстан кетіп жатыр

Жалақы төмен, баспана үшін төленбейді – құтқарушылар жұмыстан кетіп жатыр
ашық дереккөзі
Жалақы төмен, баспана үшін төленбейді – құтқарушылар жұмыстан кетіп жатыр
Шәріпхановтың сөзінше, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысы денсаулық пен өмірге қауіпті, психологиялық, физикалық тұрғыдан ауыр. Оның үстіне министрліктің күш-құралдары әрдайым, тұрақты сұранысқа ие әрі тәулік бойы жауынгерлік әзірлікте болады.
– Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін әлеуметтік қорғаудың жеткіліксіздігі, оның ішінде жалақының төмендігі, тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру тетігінің болмауы, сауатты да, кәсіби мамандардың жұмысқа келмеуі мен тұрақтамауының негізгі себебі болып отыр, - дейді министр.
Оның айтуынша, мемлекет басшысының келісімі бойынша 2023-2024 жылдарға азаматтық қорғау органдарының лимиті республикалық бюджеттен 28,3 млрд теңге бөлініп, 1 734 бірлікке ұлғайтылған. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірге
2025-2026 жылдары штат санын 1 493 бірлікке кезең-кезеңімен ұлғайту мәселесі пысықталып жатыр. Алдағы уақытта азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін әлеуметтік қорғауды жақсарту тапсырмасын орындау мақсатында министр:
  • мамандарды қызмет бабында ауыстыру және ілгерілету кезінде көтерме жәрдемақы, жауынгерлік іс-қимылдарға жақын жағдайлардағы жұмыс үшін үстемеақы төлеуді;
  • бюджет қаражаты есебінен қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен қызметкерлерге шипажайлық-курорттық емдеуді;
  • арнайы атақтар берілмеген құтқарушыларға еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар белгілеуді;
  • арнаулы атақтары бар азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру ұсынады.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар