Жаңалықтар
Таразда жаңа электромобильдер көмегімен бiр түнде 2 мас жүргізуші ұсталды
- author Zhambylokq
- 8 желтоқсан, 2023
- 100
Таразда жаңа электромобильдер көмегімен бiр түнде 2 мас жүргізуші ұсталды
4 желтоқсанда патрульдік полиция қызметкерлері аумақты тексеру барысында Тараз қаласы Төле би даңғылының бойында жол ережесін бұзған Toyota Avensiz автокөлігiн тоқтатпақ болды. Аталған көлік жүргізушісі заңды талаптарды елеместен, жол қозғалысы ережелерін бұза отырып, жол бойында “авто жарыс” жасаған. Алайда жаңа электромобильдi тiзгiндеген полиция қызметкерлері құқық бұзушыны тез арада қуып жетті. 32 жастағы жүргізушiнiң масаң күйде болғаны байқалды. Медициналық сараптама қортындысы оның орта дәрежеде алкогольдi iшiмдiк iшкенiн растады. Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі 613-бабы 1-бөлігі, 593-бабы 1-бөлігі және 612-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Жүргізуші сот үкімімен 18 күнге қамаққа алынып, 7 жылға жүргізу куәлігінен айырылды.
Сондай-ақ осы күнi Қойгелдi көшесінде тоқтатылған Меrsedes-Benz көлігінің жүргізушiсi де мас күйде басқарғаны анықталды. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нiң 608-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Сот үкімімен 15 күнге қамалып, 7 жылға жүргізу құқығынан айырылды. Автокөліктер айып тұрағына қойылды. – Шын мәнінде жаңа электромобильдермен жұмыстың тиімділiгi артты. Қозғалыс кезіндегi дыбыссыздығы, жылдамдығы, басқару ыңғайлылығы өте жоғары деңгейде деп айтуға болады. Аталмыш көлік көптеген құқық бұзушылықтардың жолын кесуде, алдын алуда жоғары көрсеткiштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп ойлаймын, – деді Тараз қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының командирi Руслан Оразбақов.