Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Декларация тапсыру 31 желтоқсанға дейін жалғасады – Кірістер комитеті

Декларация тапсыру 31 желтоқсанға дейін жалғасады – Кірістер комитеті
ашық дереккөзі
Декларация тапсыру 31 желтоқсанға дейін жалғасады – Кірістер комитеті
«Қазіргі уақытта заңды тұлғалар мен бизнес өкілдері декларация тапсырады. Қорытындылау жыл соңында жүргізіледі. Азаматтар 31 желтоқсанда да декларация тапсыруы мүмкін. Декларация тапсырудың негізгі мақсаты – көлеңкелі экономика деңгейін төмендету. Азаматтар несие, ипотекаға алғанда бағалаушы қатысады. Неліктен қазір ипотекасы бар адамның несиесі, қарызы бар, оларға тағы бір рет баға беру керек», - деді Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің директоры Нұржан Қуандықов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Декларацияны толтырар алдында, 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін мынадай дайындық жұмыстарын жүргізу қажет: тиісті растайтын құжаттарды дайындау; нотариустармен несие шарттарын куәландыру; қаражатты (10 000 АЕК – 34,5 млн. теңгеден астам) банк шоттарына орналастыру; Қазақстандағы активтер мен міндеттемелердің бар-жоғын мынадай сайттарға кіру арқылы тексеру: 1) бағалы қағаздар бойынша https://portal.kacd.kz; 2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша https://homeportal.kzhttps://www.gov.kz/services/3910?lang=ru; 3) зияткерлік меншік объектілері бойынша, авторлық құқық https://gosreestr.kazpatent.kz; 4) сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша https://egov.kz/cms/ru/services/pass077_mu әрекеттерді орындау ұсынылады. Дебиторлық/кредиторлық берешектің (несие шарты) болуы үшін Doculite жүйесі арқылы Республикалық нотариаттық палатаға сұрау салу қажет.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар