Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

11 пойыз тұрып қалған Шу-Отар аралығында қозғалыс қайта жанданды

11 пойыз тұрып қалған Шу-Отар аралығында қозғалыс қайта жанданды
ашық дереккөзі
11 пойыз тұрып қалған Шу-Отар аралығында қозғалыс қайта жанданды
Бұған дейін қарлы боран салдарынан 11 пойыз тұрып қалған Жамбыл облысындағы Шу-Отар теміржол аралығындағы қозғалыс қайта жанданды. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК хабарлады. "Теміржолшылар арнайы техниканың көмегімен тәулік бойы белсенді түрде қарды шығарып жатыр. 13 желтоқсаннан бері жолдан 11 мың текше метрден астам қарды тазалады", – деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі. Ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай жарияланған аймақта пойыздардың жүру жылдамдығына шектеу қойылды. Жолаушылар пойыздарының кешігуі және тоқтатылуы туралы ақпаратты 1433 тегін нөміріне қоңырау шалу және KTZH_PP_BOT Telegram боты арқылы алуға болады.  
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар