Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Талас ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

Талас ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
ашық дереккөзі
Талас ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Облыстың бас баспасөз алаңында Талас ауданнының әкімі Нұрбол Әбдімажитұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалы және жұмыспен қамту  бағытында атқарылған жұмыстар, тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсарту, жол ауызсу, газ тарту, тұрғын үй құрылысы, мал шаруашылығын дамыту сонымен қатар, лизинг, суармалы жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу тұрғындардың тұрмыс жағдайын арттыру мақсатында инвестициялық жобалар мен мемлекеттік қолдау шараларын бойынша баяндайтын болады.             Ауданда 2023-2027 жылдарға 49,8 млрд.тенгенің 7 ірі жобасы жоспарланған. Онда 617 адам жұмыспен қамтылатын болады. 2023 жылы Ұлттық жоба аясында бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы»  аясында 98 жобасы жоспарланып, 95 жоба іске асырылды, 3 жоба жыл соңына дейін іске асырылатын болады. 40 адам жұмыспен қамтылды.   Сонымен қатар,  Қаратау қаласы 3 мөлтек аудандағы №5 жатақхана мен №6 жатақхана ғимараттарын қайта жаңғыртуға 533,0 млн.теңге, олардың инженерлік-инфрақұрымын қайта жаңғыртуға 15,0 млн.теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Нысандар 2024 жылға өтпелі. Қаратау қаласында 3 көпқабатты тұрғын үйлерді дайын күйінде сатып алуға республикалық бюджеттен 2 млрд. 457,0 млн.теңге бөлініп, қазіргі таңда үшеуі де сатып алынды (272 пәтер). Ауданда 23 елді-мекен бар. Қазіргі танда 14 елді мекен (11814 адам) газдандырылған немесе 60,9%-ды құрады. 2027 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу көзделіп отыр. Ақкөл, Қызыләуіт, Ақтөбе елді мекендерінде ішкі кварталдық газ тарату желісінің құрылысы бойынша 563,0 млн.теңге бөлініп, газ тарту жұмыстары толығымен аяқталды. Қазіргі танда ауданда 23 елді мекенің (20404 адам), 16 елді мекені (18700 адам) орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген немесе 69,5%. Үшарал ауылын сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту жобасы бойынша 2023 жылы 485,7 млн.теңге бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталды.   Аудан аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 587,59 шақырым. Оның ішінде: - 394,1 шақырым облыстық маңызы; - 193,49 шақырым аудандық маңызы.            Қаратау қаласына шығыстан кіре беріс (6,14 шақырым) және Қызыләуіт ауылына кіре беріс (5,4 шақырым) аудандық маңызы бар жолдарды орта жөндеуден өткізуге бюджеттен 369,3 млн.теңге бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталды. Сонымен қатар, Қаратау қаласында 16,8 шақырымды құрайтын 6 көшені (Қ.Сатпаев, А.Байтұрсынұлы (бұрылысымен), М.Есжанұлы, Е.Өмірұлы, Қ.Тоқтыбайұлы, Жарқынбеков) және (Мәйтөбе, Бөлтірік шешен, Есейхан, Қараой, Қасқабұлақ, Тамды, Көктал) ауылдық округтеріндегі әр елді мекеннен 1 көшеден жөндеу мақсатында аудандық бюджеттен 445,812 млн.теңге бөлініп, жолдарды жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Қаратау қаласындағы 2,280 шақырымды құрайтын Б.Момышұлы және 2,011 шақырымды құрайтын Шахтер көшелерін қайта жаңғыртудан өткізуге 430,7 млн.теңгеге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, толықтай аяқталды.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар